» » Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-білім сапасының кепілі

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі-білім сапасының кепілі

      Мектеп - ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін жалғайтын, білім мен ғылымға деген ізденіс пен құштарлықты оятатын білім ордасы. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім кәсіби шебер болған жағдайда білім сапасы арта түседі. Кәсіби шеберлік дегеніміз не? Біріншіден ұстаз диплом алып жұмысқа кіріскеннен кейін бес жылда бір рет өтетін білім жетілдіру курстарынан өтіп, аттестация арқылы білімін жетілдіріп отыруы керек. Сонымен бірге жүйелі өтетін ашық сабақтар, түрлі сайыстар, әдеби кеш, сыныптан тыс жұмыстар, пәндік олимпиадалар , ғылыми жоба жәнеде семинарлаға қатысуы – мұғалімнің білімін көтеріп, әрі шеберлігін арттырары сөзсіз.

     Ұстаз қолында бала тағдыры, болашақ елдің тағдыры тұр. «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе , Қазақстан сол деңгейде болады»-деп елбасының айтып өткендей-ақ мұғалім шеберлігінің арқасында білім сапасы артады. Себебі, сапалы, тиімді және нәтижелі ізденіс мұғалімнің тынымсыз еңбегінің арқасында келеді. Оқу тәрбие үдерісінің дұрыс жүргізілуіне ұстаздың әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушының мүмкіндіктеріне және жағдайына қарай таңдап алуымыз керек. Өйткені «Тәрбиесіз берген білім-білім емес»-деп ұлы ұстазымыз Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай бірінші кезекте тәртіпті де тәрбиелі жеке тұлғаны дайындауымыз керек. Заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету-ұстазбын деген кез келген азаматтың міндеті, - деп білемін.

     «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады»- деп ұлы ғалым, педагог К.Д.Ушинский бекер айтпаса керек.

      Біз білім мазмұнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін пайымдап, керегін сабақта қолданып отыруымыз қажет. Оқушыларды елін, жерін , Отанын сүюге, адалдыққа ізгілікке баулу- ұстаздардың абыройлы міндеті. Ол үшін күнделікті өмірге еніп жатқан жаңа техналогияны меңгерген білімі жоғары, тәрбиелі ұстаз болуымыз керек. Сонда ғана білім саласы көтеріледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында: «Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып жеке меншік мектептерді ашуымыз керек» деген болатын. Сондықтан да, ұстаздар бәсекелестік туған жерде мұғалім басты тұлғаға айналады. Оқушылар мен мектептер жақсы мұғалімнің соңынан жүруге мәжбүр болады. Жаңашыл кәсіби шеберлігі мол ұстаздар ғана білім сапасына кепіл бола алады деп есептеймін. Замана көшінен қалмай кәсіби шеберлігімізді шыңдап бәсекеге қабілетті білімді ұрпақты тәрбиелеп, білім сапасын арттыруымыз керек. Сонда ғана қарыштап дамып бара жатқан көштен қалмай, сапалы білім, саналы тәрбие беретін кәсіби шеберлігі мол ұстаз бола аламыз.




Тулеметова Балжан Умирзаковна

№ 50 «Үлгілі» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы

16 ақпан 2022 г. 25 849 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 961 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031