» » Тәрбие жолы-сан тарау

Тәрбие жолы-сан тарау

Тәрбиелі тәртіптің құлы...

Бауыржан Момышұлы

 Ұстаз болу – педагогикалық қарым-қатынасты жетік меңгеру, ынтымақтас- тықты жүзеге асыру, өзінің әрбір тәрбиеленушісіне қажет болуға талпыныс жасау. Жұмыс барысында ата-анамен жағымды қарым-қатынасты реттеуде мұғалім небір кедергілерге кезігеді. Бүгінгі күннің басты талабы- жаңа педагоги- калық көзқарас, ата-анамен жұмыс жүйесін дұрыс үйлестіру және оны жаңаша ұйымдастыру.

Қай кезде болса да  тәрбиенің маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін қажет.Себебі, адам туғаннан бастап тәрбиеленеді. Тәрбие деген тәңірдің мақсаты - адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру.

         Бала тәрбиені алдымен отбасыдан алады. Алғашқы мекен- отбасы болса, екінші үйі –мектеп дер едім.Екеуі де адамға ыстық. Өйткені, отбасы адамды дүниеге әкеліп, қалыптастырып, дамытса, мектеп  оны  адамзаттық құндылық- тармен толысқан, жан-жақты жетілген, өз бетімен өмір сүруге бейім, қоршаған ортамен тікелей байланысқа шыға алатын, толыққанды адам етіп шығаруға ат салысады. Олай болса ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек екені  даусыз.                                                                              
         Мұғалім оқушыны тәрбиелемес бұрын  оқу-тәрбие жұмысындағы қызметін өзін-өзі танудан бастаған дұрыс.Сен де оқушы  болғаныңды, сен де ата-ана екеніңді және ұстаз екеніңді ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырсаң,өзге алдындағы жауапкершілік пен міндеттің сыры түсінікті болады.Оқушы мен мұғалім арасында достық қарым-қатынас болмайынша, оқушы сеніміне қол жеткізу мүмкін емес.Оқыту, тәрбиелеу процесіне қатысушылардың қарым-қатынасы- бұл мұғалімді оқушыдан бөліп тұрған шекараны жою, оқушы көңіліне жол табу болып саналады. Ата-аналар бала  тәрбиесінде мектепке міндет артады, кейбір ата-аналар өздеріңе жауапкершілік алғысы келмейді. Сондықтан да  бар жауапкершілік ұстаздарға жүк болады. Ата-ананы мектепке тарту , олармен  ой бөлісу, зерттеу жасау маңызды.                                         

           Ал мектепте жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табатыны сөзсіз.Оған дәлел өз мектебімізден түлеп ұшқан шәкірттеріміз. Шәкірттеріміздің жетістігін көргенде еңбегіміздің зая кетпегеніне қуанамыз, ал ұстаз көңілі бір марқайып қалады, ұстаздық қызметке деген құлшынысымыз артады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен – ақ ұлттық тәлім -тәрбиеге, адамгершілікке, рухани мәдениетке баулу қажет.Бұл орайда сынып жетекшілердің еңбегі зор.

Ұстаздық еткен еңбек жолымда  менің түйгенім-сынып жетекшілерге                                                                               -оқушылар арасында  достық қарым-қатынасты сақтауға үйрету;                           

-сынып ұжымын, жеке оқушыны зерттеп, әр қайсысына мінездеме беру;                             

- пән мұғалімдерінің сыныппен жұмысын жандандыру;                                            

 -сынып оқушыларымен тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізу;                                           

 -ата-аналармен  үздіксіз байланыс жасау ;                                                                                                              -ең бастысы, баланы жете тануды үйрену қажет. 

Сөз соңында айтарым, ұрпақ тәрбиесі - қоғам тәрбиесі. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты тұлға, ой- өрісі озық етіп тәрбиелеу- жауапкершілігі  жоғары міндет екені айқын.

                        


   Макатова Бибатша Мухамбетияровна

                                «Ақтөбе облысының білім басқармасы

                             Алға ауданының білім бөлімі» ММ-сі

                          «Қарақобда мектеп-бала бақшасы» КММ

КММ – нің мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

                  Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы


18 мамыр 2023 г. 622 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 204 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031