» » Рухани тәрбие – адамгершілік бастауы

Рухани тәрбие – адамгершілік бастауы

Балалардың бойында жас кезінен бастап ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті: сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірімділікті,  адалдықты және басқа да асыл қасиеттерді дамытуымыз қажет.

Мұғалімнің ең негізгі міндетінің бірі баларға адамгершілік құндылықтардың маңыздылығына ден қоюға үйрету.

Баланың сана-сезімін, адамгершілік мұраттарын қалыптастыратыны-тәрбиенің ең бірінші рухани міндеті. Рухани-адамгершілік тәрбие барысында әрдайым өз мұраттарын басты нысана етіп ұстау қажет. Себебі, баланың көз қарасы оның күнделікті іс-әрекетімен сәйкес келмесе, олар ойлауға шебер, бірақ іс-әрекетке, қарым-қатынасқа жоқ адамдар болып шығады.

Рухани тәрбиесі дұрыс жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, өз идеаларына ұқсауға ұмтылады. Таңдаған болашақ мамандығына лайықты мінез-құлық қалыптастырғысы келеді. Кейбір оқушылар алғашқы кездескен қиындықта-ақ өз күшіне сенімсіздік тудырып, бастаған ісін аяқсыз қалдырады. Оқушының жақсы қасиетке ұмтылған ниетін мұғалімдер кезінде біліп, қиын психологиялық сәттерден байқап, оған қолдау көрсетіп отырған болса мектептерде қайшылық жағдайлар кездеспейді

            Рухани-адамгершілік туралы айтқанда біз тәрбие салаларын толық қамтимыз. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның өмірге, еңбекке көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыруда оқытуды тәрбиелеуді өмірмен байланыстыруда рухани-адамгершілік яғни адалдық, кішіпейілдік, ниеттілік, жомарттылық, жауапкершілік т.б. қасиеттерді дамытады.

            Рухани тәрбие бойынша мен өз білімімді дамытуда «Өрлеу» БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтына үлкен ризашылығымды білдіргім келеді. Себебі институт тарапынан өткізілген курстарда бала тәрбиесіне қажетті материалдардың барлығы қамтылады. Өз кезегінде институт тренерлеріне осы тұрғыдан рахметімді білдіргім келеді.

Қорыта айтқанда, рухани адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазіргі түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтыны белгілі.


Автор: Ш. Алиева. 

№16 ЖОМ зерттеуші санатындағы мұғалім

Мактарал ауданы 



Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі
23 желтоксан 2019 г. 4 350 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 995 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 796 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930