» » Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру

Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру

  Қызығу-танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрету барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек.

Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары

сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез – келген іс – әрекеттер сияқты ойын әрекеті

де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезіну керек. Негізгі

рөль оқушының ойынға қатысудағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен сипатталады. Ойын

кезіндегі көңіл – күй, өзара түсіністік, достық қарым – қатынасты қалыптастыру үшін мұғалім әр ойынға

қатысушының мінез – құлқын, темпераментін, жинақылығын, ұстамдылығын және денсаулығын ескеруі керек.

Ойынның мазмұны қатысушылар үшін қызықты және ойын соңында нәтижиесі анық көрінетіндей маңызды

құндылықтарын сезінетіндей болуы тиіс. Әр баланың ойын әрекеті сабақ кезінде алған білімдері мен білік –

дағдыларына негізделеді, ол әрекеттер күделікті әсерлі шешімдер қабылдауға, өздерін және қоршаған орта

мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білуге тәрбиелейді. Әр сабақ мұғалім жемісі. Күнделікті сабақтағы бір

сарындылық оқушылардың ынтасын, қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан сабақты түрлендіріп, ойын

сәттерін қолданып өткізсе, сабақтың мазмұны ашыла түседі. Өйткені ойын оқушының бойындағы жақсы

қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа

үйретіп, адамдармен қарым- қатынас жасауға тәрбиелейді, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды. Ойын

арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Әрбір ұстаздың мақсаты – сабақ сапасын

көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай – ақ бүгінгі таңда елімізде

оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолдануымыз керек. Сондай технологияның бір

түрі – ойын арқылы оқыту технологиясы. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі

бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық

қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның рөлі, педагогикада бұрын

да, қазір де қарастырылып келеді. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды

іс – әрекет деп түсінеді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану

тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды,

ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын балалар өмірінде өте маңызды зор

нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай

маңызды». Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Мектептегі оқушы

өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай

шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс – әрекетке үйренген баланың бойында алған

білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуде, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Тиімді қолданылған ойын

мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.

Өйткені кейбір сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Әр сабақта ойын

түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта – ықыласын,

пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның

бір түрі «сергіту сәті». Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне

де назар аудару қажет. Түрлі би қимылдары арқылы да сергіту сәтін жандадыруға болады. Мысалы:

«Шөжелерім», «Айгөлек», «Қара жорға». Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға

тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып

қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс – шараларға

араласып, өз үлесін қосып отырады. Қорыта айтқанда, кез – келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда

оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой – өрісін ойын арқылы дамытады.

Соңғы нәтижиеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық, мектептен қорқатын,

оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке

қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойындар – оқушылардың сабаққа

белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен

айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дуниеге қарай ашылған

үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады.

Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», - деген екен. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің

түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Қызықты ойын

түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыласына әрі сапалы орындайтын болады.

Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқып үйрету барысында ойындардың алатын орны ерекше. Әр сабақтың

тақырыбына сай ойындарды пайдаланып отыру оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасы мен

зейінін арттырады. Басты мақсат – ойын әрекеттері арқылы тілдік материалдарды меңгертіп, сөздік қорды

молайтып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады.

Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жойылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс

істеуге деген қызығушылықтары артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап

кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын

барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын

арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады

Қазақ тілі сабағындағы ойын технологиясының мақсаты: оқушылардың сабақта үйренген сөздерін ауызекі

сөйлеуде, күнделікті қарым-қатынаста дұрыс қолдануға үйрету. Барлық сыныптарда «Жыл мезгілдері» деген

модуль бар. Мен өз сабақтарымда (нәтиже сабақта) көптеген ойын түрлерін қолданамын.

Ойын: «Кім тез? »

Тапсырма: Ай аттарын дұрыстап жаз.

1. ңақарт

2. пақна

3. уарзын

4. рымма

5. мысума

Бұл ойынды жеке, топ бойынша өткізуге болады. Бұл ойын оқушылардың буынға дұрыс бөліп оқу

дағдысын дамытады. Оқушылардың қызығып ойнайтын ойыны «Адасқан айлар».

22 №02 (46) February 2023

Біздің журналға – 5 жыл!

Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып

саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын

оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырады. Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде

қалай сақтағанын бағалайды. Сөздік диктант үнемі жүрсе баланы жалықтырады, сондықтан бұл ойынды

оқушылар қызыға ойнайды. Осы ойын арқылы шағын диалогты ойнатуға болады.

Мұғалім оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалайды. «Сымсыз телефон»

ойыны. Лексикалық бақылауды ауызша жүргізілгенде қолданамыз. Мысалы тақырыбы: «Қалада. Қаладағы

мәдени орындар». Оқушы телефон тұтқасын алады да сөзді айтады. Біздің қала – аудармасын 2 – ші оқушы. Ары

қарай жалғаса береді. Оқушылар көбінесе сабақта ойын түрлерінің жиі болуына жақсы дағдыланады.

Мысалы: жануарлар атауларын жақсы естерінде сақтап қалулары үшін мынандай ойын түрін жүргіземін

«Адасқан төлдер» ойыны.

Төрт түлік малдың сүреттері тақтада ілулі тұрады және суреттердің қасында жануарлардың өз балалары

сүреттелмеген. Сонымен балалар төрт түлік малдың қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып тақтаға шығып

жазады. Бұл ойын балалардың тез ойлану, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады. Сабақтарда қолданатын

ойын элементтері оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін

практикада қолдануға үйретеді. Кез келген ойын элементі сабақта екі түрлі мақсатқа бағытталады. Оның

біріншісі – оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі – оқушыларды

тапқырлыққа баулып, зейініне, ойлау қабілетін арттыру.

Ойын элементтерін тиімді қолдану бастауыш сыныптарда өте тиімді деп ойлаймын, себебі тез жазу, оқу,

мазмұндау дағдылары қалыптаспаған оқушыларды біріңғай жаттығу жұмысы жалықтырады, ал ойын

технологиясы керісінше пәнді сүюге, қызығуға ықпал жасайды.__

 

                                 Ибат Гүлнар Хамзақызы

                         «Жаңашаруа қазақ орта мектебі»

                              Бастауыш сынып мұғалімі

     Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, ­Қоныстану ауылы

18 мамыр 2023 г. 2 020 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 704 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930