» » Өмір неткен керемет

Өмір неткен керемет

«Өмір неткен керемет» тренинг 

Жоспары: 

1. Кіріспе 

2. Қол шатыр кімге тиеді?

3.Ақша қар ойын жаттығу.

4.Аиналма жіптік курс ойын жаттығу.

5. Қаз-қаз қадам жаттығу.

6.Жіптік курс күрек ойын жаттығу.

7.Арт терапия

8. Рефлексия

1.Кіріспе.

   Өмір сүрудің екі тәсілі бар.Біріншісі-ғажайып жоқ

   деп өмір сүру; екіншісі-бұл өмірде бәрі ғажайып

   деп өмір сүру.Қалай ойлайсыңдар, бұл сөзді кім

   айтты деп ойлайсыңдар? (ғашық адам, философ,

    ақын,Лирик т.б.)

    Бұл сөзді Альберт Эйнштейн айтқан болатын.

    Ол туралы не білесіңдер? (Физик)

 2.Қолшотыр кімге тиеді?Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп ұйымшылдыққа,    жылдамдыққа дағдыландыру

Нұсқау: Шеңбер болып тұрамыз ,шеңбердің ортасында 9-қолшатыр 

болады.Әуен ойналғанда шеңбер болып билеп журеді.Әуен тоқтатылғанда

қолшатырды алып отырамыз, қолшатыр жетпеген ойыншы ойынан шығып отырады.Соңында 1-ойыншыжеңімпаз болады.

Талдау: Ойын жаттығуыаяқталғаннан кейін қат-ысушылар алған әсерлер-

імен бөлісіп өз ойларын ортаға салады.

3.Ақша қар ойын жаттығу.

Мақсаты:Оқушылардың ойын ашу,өмірге деген көзқарастарын
қалыптастыру
Нұсқау:Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді.12 қатысушы болса 6 бөлікке бөлінген 2 метр жіп қажет.Әр қатысушының қолында жіптің бір ұшы қалуы тиіс.
Ақылдаса отырып жіптерді алмастырып,
қар үлгісін жасайды.Ортасына қарандаш қойылады.Қарандашты жерге түсірмей
құтыға салу қажет.
Талдау: Ойын жаттығуы аяқталғаннан
кейін қатысушылар алған әсерімен
бөлісіп ,өз ойларын ортаға салады

 4.Аиналма жіптік курс колцо ойын жаттығу.

 Мақсаты : Оқушылардың көшбасшылық позициясын   дамыту, қойылған міндетті бірлесіп шешу іскерлігін қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсету, сабақтағы психологиялық күйді жоғарлату. 

Нұсқаудың сипаттамасы:  Қатысушылар шеңбер жасап                                                                                         қолдарына ұстап тұрады.  Жаттығыу нұсқаушысының белгісінен кейін айналманы қолдарын үзбей топтан өтіп                     шығу керек.Жаттығыуды  күрделендіру үшін айналманың  орнына жіп қолдануға да болады.

Талдау: Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар 

алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.

5. Қаз-қаз қадам

Мақсаты:Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгер-шілік,мейірімділік сезімдерін дамыту.

Нұсқау :2-топқа бөлеміз,топпен бірлесе отырып айналманы айналдырып жүру.

Талдау: ойын жаттығу аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлері мен бөлісіп

өз оиларын ортаға салады.

 6.Жіптік курс күрек ойын жаттығу

Мақсаты : Қарым-қатынас ситуацияларын-да байланыс орнату,мүмкіндігін кеңейту.

Нұсқау: Оқушылар курекке байланған жіптің ұшынан ұстап тұрады.Жерде

шашылған кішкене доптарды курекпен алып шелекке салады.

Толдау :Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін өз ойларын ортаға  салады.

 7.Арт терапия

Мақсаты: Арт-терапияның түрлерімен таныстыру, тимділерін тәжірбеде пайдалану,

Оқушылардың достық қарым-қатынасын,топпен жұмыс жасауды арттыру.

Нұсқау:Оқушыларды 2-топқа бөлеміз, Өмір неткен керемет!тақырыбында

берілген түрлі-түсті тұздар мен шығармашылық жұмыс жасау.

Талдау: ойын жаттығуы  аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен

бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.  

8. Рефлексия

2-топқа қима қағаздар беріледі.

Қима қағаздарды құрастырғанда 1-ші топтан сәбіз,2-ші топтан жұмыртқа шығады.

              Қортынды.

Көтеріп тұрып, құлатады өмір. 

Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.

Етегің толып еңіреген кезде

Қайтадан өзі жұбатады өмір.

Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,

Құлап барып та гүл атады өмір.

Үп деген желге дірілдей берме

Шыдамдылықты ұнатады өмір. Қыс өтіп, көктем келеді. Көктемде ақ жауын көп жауады. Жауын суы жерге сіңіп, жер ананы бусандырады. Сол сияқты сіздер де, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүрек түкпіріне қалдыруларыңызды өтінемін.          

Койшыбекова Жумагуль Сапарбековна

№65 «Достық» жалпы  орта  мектебі» КММ - нің

педагог- психологы және өзін-өзі тану пән мұғалімі

Түркістан облысы

Жетсай ауданы

Алмалы елді мекені

18 қаңтар 2019 г. 9 174 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 746 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930