Инклюзивті білім берудің маңызы мен ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
Султанмуратова Жанна Тұрсынханқызы, 3
Инклюзивті білім берудің маңызы мен ерекшеліктері 3
Койшыбаева Лайла Амангелдиевна, 4
Төлегенова Шолпан Аманжолқызы, 7
Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы.. 7
Султанмуратова Жанна Тұрсынханқызы,
Еркетай балаларды дамыту орталығы
Орталықтың директоры Психолог-Логопед
Түркістан қаласы
Инклюзивті білім берудің маңызы мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген шаралар енгізіліп жатыр. Соның бірі- нклюзивті білім беру.
Инклюзив-сөзі латын тілінен аударғанда-”өзімді қосқанда” ал, ағылшын тілінен аударғанда” араластырамын” деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту- адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қалыпты балалармен бірге оқыту. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне, әлеуметтік жағдайы мен физиологиялық жағдайына қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.
Инклюзивті білім беру барысы- қазіргі таңда жалпы білім беретін сыныптардағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар мен арнайы сыныптар, арнайы білім беру орындары, арнайы мектепке дейінгі білім беру орындарының оқу әрекетіне енгізіліп отыр.
Жалпы орта білім беретін мектептерде үлгерімі төмен оқушылардың 50% психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар және аутизм, жүйке жүйесі бұзылған, ақыл ой белсенділігі төмен балалар құрайды. Психикалық даму тежелісі (ПДТ) дегеніміз ғылымда психика дамуының уақытша артта қалуы деп түсіндіріледі.
Мұдай балалар мектепте және үй жағдайында ерекше қадағалауды қажет етеді. Бұл балалармен жұмыс істеу арнайы біліммен қатар бұл балалармен жұмыс істеудің нақты жолдарын білуді, оларды танып білумен қатар, оларға арнайы түзеу жұмыстарын ұйымдастырып, мұғалімге және ата-анаға бағыт-бағдар бере білу керек.
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері- жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі, ерекше білімді қажет ететін балаларды дені сау балалармен бірге оқыту;
-барлық балаға бірдей қарым-қатынас;
Балалар арасында дискриминация болдырмау;
-арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау
Инклюзивті білім беру жүйесінің мақсаты:
-Балаларды психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық қолдау
-Қоғамның көзқарасын өзгерту
-Өз қатарластарымен тіл табыса білуге үйрету
-Толық білім алуды ұйымдастыру
-Қоршаған ортаға бейімдеу
-Дені сау балалармен тең дәржеде ұстау
-Өз өзіне сенімін арттыру
-Кедергісіз аймақ
Алғашында арнайы мамандар жеткіліксіз болып, жаңа білімнің қыр-сырын ұғыну, түсіну қиын болғанымен, қазіргі таңда арнайы мамандар-логопед, дефектолог, олигофренопедагог, әлеуметтік педагог, психолог мамандар қайта даярлаудан өтіп, сонымен бірге пән мұғаклімдері қайта даярлау курстарынан өтіп инклюзивтік білім беру бойынша жұмыстанып келеді. Қазіргі таңда әр маман өз жұмысының қыр-сырын біледі, жұмыстана алады деп үлкен сеніммен айта аламын.
Түзете-дамыта оқытудың мақсаты:
Балаларды оқып, жазып, санап үйрету
оқу іс-әрекетінің негізгі біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәдениетін дамыту, жеке гигиена мен салауатты өмір негіздерін үйрету;
- тиімді әдіс-тәсілдерде қолдана отырып, оқушылардың психологиялық сауығуына ықпал ету, жеке тұлға қызығушылығын арттыру және оның дамуындағы әртүрлі қиыншылықтарды түзеу;
- балалардың танымы мен белсенділігін, зияткерлік қабілеттерін, өз бетімен білім алу дағдыларына жағдай жасау;
- ата-аналармен, мұғалімдермен, әлеуметтік жұмыскерлермен байланыс жасау;
- мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қазіргі экономикалық жағдайында өз орнын таба алуына жағдай жасау.
Түзете –дамыта оқытудың міндеттері:
Оқушының психикалық, тұлғалық дамуындағы ауытқуды болдырмау,
-жеке тұлға қалыптастыру, оқу дағдысы мен біліктілігін дамыту;
-педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балаларға коррекциялық түзету сабақтарын, танымдық өрісінің дамуына бағытталған жеке сабақтар жүргізу;
ПМПК-мамандарымен, дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог мамандармен бірлесе отырып жұмыстану арқылы түзеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру;
жеке, топтық сабақтар нысанында түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу;
отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға (немесе оларды аустыратын тұлғаларға) ақыл-кеңестер беру, оқыту;
оқушының психикалық дамуында кездесетін сәтсіздіктердің алдын алу, диагностика бойынша алдын-ала болжау;
сөйлеу, интеллект, көру, есту және есте сақтау қабілеті, тірек қозғалыстары аппараты, эмоциялық еріктік саласы бұзылған, оқуда немесе қарым-қатынас жасауда, мінез-құлқында қиыншылықтары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.
- Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақ қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында”-деп бекерге айтылмаған сыңайлы. Олай болса қазірге таңда білім саласындағы әр ұстаздың мойнына артылған жүк ауыр. Ұстаз бір ғана шәкірттің білімі мен тәлім-тәрбиесіне ғана жауапты болып қана қоймай, елдің ертеңін, болашағын өз мойнына алардай жауапкершілік танытуы тиіс.
- Жас та берілген тәрбие, жас қайыңды игендей”, - дейді, олай болса құрметті әріптестер”теңізге” тамшыдай тамып, жәрдеміміз тиіп жатса, біз ешнәрседен аянбай қиын да, қызыққа толы ұстаздық жолда ерінбей еңбек етіп, еңбегіміздің жемісін көре білуіміз керек.
Койшыбаева Лайла Амангелдиевна,
Сатыбалды негізгі орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Педагог-модератор
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Сатыбалды ауылы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты | 2.4.1.3 дауыссыз дыбыс түрлерін (қатаң, үнді, ұяң) ажырату және дауыссыз п -б, қ-ғ, к-г дыбыстарының емлесін сақтап жазу 2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау: | 3.2.3.1 мəтін мазмұныбойынша пікір білдіругебағытталған сұрақтар құрастыружəне жауап беру; 3.4.1.1 э, ф, в, ц əріптері бар сөздерді сауатты жазу. | ||||||||||||||
Сабақ мақсаты: |
| Мәтін мазмұнына сай пікір білдіреді, сұрақтарға жауап береді; э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жаза алады; . | ||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері Уақыты | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар
| ||||||||||||
Басы 5минут
35-минут
3-минут
| -Амандасу -Түгендеу -Психологиялық ахуал Біздің ұқсастығымыз неде? «Сен және мен» ойынын жұптасып орындау. (Балалар ішкі және сыртқы шеңберге тұрады, жұптасады, бір-біріне мұқият қарап, кезек бойынша дене мүшелерін атайды Аяқ та екеу, қол да екеу Көз жанары, ол да екеу Екеу қас та, құлақ та Жүрек жалғыз бірақта. -Өткенді қайталау. 2-с Ереже жаттау 3-с Ереже жаттау Үкіден хат келіпті. Кез келген хатты ашып, сұрақтарға жауап берейік. 1Сұхбат дегеніміз не? 2. Сөз соңында б естілгенімен қандай әріп жазылады? 3. П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбыс қандай дыбысқа айналады? Мысал келтір? 4. Қаратпа сөздер дегеніміз не? мыс келтір Қаратпа сөз қалай ажыратылады? 5. Қыстырма сөз дегеніміз не? 6. Эдыбысы қандай дыбыс? мыс келтір. | -Мұғаліммен амандасады.
| Мадақтау
Тамаша! Жарайсың! Өте керемет!
| Оқулық, Дәптер
| ||||||||||||
Жаңа материалды меңгерту. Тақырыпты ашу. Жұмбақтар оқылады. 2-с Піл де бар, Қолтырауында жоқ. Папа да бар, Мама да жоқ (п мен б) 3-с Вагонда бар, Ұшақта жоқ. Васяда бар, Сашада жоқ. (В) Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Дауыссыз б мен п және В дыбысы » деп аталады. Бүгнгі сабақта осы дыбыстармен тереңірек танысатын боламыз Осы мақсатқа жету үшін сабаққа белсене қатынасайық. -Видеоролик тамашалау. Сұрақ-жауап. 2-3с
2-с Мәтінмен жұмыс 18-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқы. Мәтін не туралы? Бізде кітапхана барма? 3-с Мәтінді оқы. 20-жаттығу. Мәтінді оқыңдар. • Мәтін не туралы? • Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырыңдар. • Мәтіндегі в дыбысы бар сөздерді тауып, бұл дыбыстың айтылу ерекшелігін байқаңдар. • «Велосипед – пайдалы көлік» тақырыбында өз ойыңмен бөлісіңдер. Анықтамамен жұмыс. В – ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында келе береді: вагон, автобус, па- ровоз, Асқаров.
«Ыстық орындық» әдісі, дәптермен жұмыс. 2-с 19-жаттығу. Екі бағандағы сөздерді жұптастырып жаз Үлгі: Шабу, тап 3-с 21-жаттығу Мәтіннен в әрпі бар сөздерді теріп жазып, оларға дыбыстық талдау жаса.
Сергіту сәті. « НЕЙРО ЖАТТЫҒУЛАР »
2-с 20-жаттығу Суретке қара. Құттықтау сөз шығу үшін балалрдың орнын қалай ауыстырған дұрыс Плакаттағы сөздерді пайдаланып, мына сызбаны толтыр. Дәптерге жаз.
кімді? немен? қалай?
3-с 22-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Дәптермен жұмыс 2-с 21-жаттығу Сөйлемдерді мағыналық байланысына қарай сәйкестендіріп жаз. Үлгі: Дәнді себу керек 3-с 23-жаттығу Ойлан тап. Жоғарыдағы берілген велосипед сөзіндегі санын анықта көлемі, пайдасы. түрі. | Жаңа сабақпен танысады.
Мақсатпен танысады,
Видеоролик тамашалау.
Оқулықпен жұмыс жасайды.
Дәптермен жұмыс жасайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Тапсырмаларды өз деңгейлерінде орындайды. |
Дескриптор: Жұмбақтардың жауабын табады.
Сұрақтарға жауап береді
Дескриптор: Мәтінді оқи алады. Мәтіннің мазмұнына сай сұрақтар құрастыра алады. 2-балл
Дескриптор: Бағандағы сөздерді жұптап жаза алады. В әрпі бар сөздерді теріп жазып дыбыстық талдау жасай алады. 3-балл
Дескриптор: Құттықтау сөзін шығара алады. Плакаттағы сөздерді пайдалананып сызбаны толтыра алады. Көпнүктенің орнына тиісті әріптерді қойып жаза алады. Сөйлемдерді көшіре алады. 3-бал
Дескриптор: Сөйлемдерді мағыналық байланысына қарай сәйкестендіре алады Жоғарыдағы мәтіндегі үш бұрыш пен дөңгелек санын анықтай алады 2-балл | Бейне таспа
Әріптермен бағалау б мен п және в
Сергіту жаттығулары музыка әуенімен
| |||||||||||||
Сабақтың соңы 5-минут | Рефлексия: «Аялы алақан » әдісі Бүгінгі сабақ не туралы болды? Қандай тапсырмалар орындалды? Біз сабақ мақсатына жеттік пе? Кері байланыс. «Ақылды үкі» | Рефлексия: Сұрақтарға жауап береді. Кері байланыс. Ақылды үкілерге сабақтың ұнауымен ұнамауына байланысты стикер жабыстырады. | Сабақ барысында оқушылардың қатысу деңгейіне қарай әріптер таратылып беріледі. | Аялы алақан Стикер жабыстыру | ||||||||||||
Төлегенова Шолпан Аманжолқызы,
Қызылорда облысының білім басқармасының Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
№ 2 Балбөбек бөбекжай -бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының
Меңгерушісі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
Бала тәрбиесіндегі отбасы мен балабақшаның ынтымақтастығы
Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе-бала тәрбиесі екені баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады.
Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтанда: «Ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі», «Бала болсаң болғандай бол, айналаңа қорғандай бол» деген қағиданы берік ұстанған ата-бабаларымыз өз ұрпағын «Адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Бала тәрбиесінің қай саласында болсын, ата-ананың өнегесі үлкен рөл атқарады. Егер баланың ата-анасы үйді таза ұстап, өздерін күте білсе, жақындармен сыпайы қарым-қатынаста болса, жақсы кітап, кино шығармалар жайлы әңгімелеп отырса баланың эстетикалық танымын күшейте түсері хақ. Отбасы-бұл баланың өмір сүру ортасы қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орын.
Отбасында тұрақты, жылы жағдай қалыптасқан болса, ондай ортада тәрбие алып өскен бала да жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Алайда, заманауи отбасылары қоғамдық дамудың сапалы және қарама-қайшы жағдайында қалыптасады.
1. Қоғамның қарқынды жіктелуі (материалдық байлығының деңгейі және әлеуметтік мәртебесі бойынша)
2. Балалардың психикасына кері әсер тигізетін ажырасулар санының артуы.
3. Бір ата –анаға тәрбие беретін отбасылар санының өсуі.
4. Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет жаһандық желісінің қуатты озбырлық ықпалы.
Сапалық тұрғыдан алғанда отбасын нығайту жөнінде кешенді бағдарламалар әзірленіп жүзеге асырылуда. Ал отбасындағы қарама қайшылық мәселелерді шиеленістіруге әкеліп соқтыратын жағдайлар.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық баланың қанағаттану деңгейімен тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Осының барлығы отбасымен қоғамдық мекемелердің бірігіп жұмыс жасауының нәтижелі болатындығына көз жеткізеді. Ол үшін алдымен баланың отбасылық ортасы зерттелуі керек.
Зерттеу әдістері: бақылау, әңгімелесу жеке және топтық, сауалнама іскерлік ойын арқылы балалардың отбасылық ортасына зерттеу жүргізіледі.
Отбасылық орта мынадай параметрмен анықталады:
1. Әлеуметтік мәдени орта, ата-аналардың және отбасының басқа мүшелері, ата-аналардың білімділік деңгейі, қоғам өміріне, балабақша істеріне қызығушылығы.
2. Техникалық-гигиеналық орта: тұрмыс тіршілік жағдайлары, үй жайдың жабдықталуы, тұрмыс салтының ерекшеліктері.
3. Демографиялық орта: Отбасы құрылымы, оның жасқа байланысты құрамы.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар
1. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық, адамгершілік саулығының негіздері.
2. Отбасы баланы әлеуметтендірудің қалыптасуының алғашқы институты.
3. Баланың қоғамда өмір сүру даярлығын реттеу және бақылау.
4. Ата-аналардың баланың денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндігіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды таңдауға құқы бар.
Отбасы тіршілігін, дәстүрі мен рухани бағдарын зерттеу арқылы баланың мінез-құлық жағдайларын анықтауға болады. Отбасындағы тәрбиелеу жұмыстарымен танысқаннан кейін алынған ақпарат ата-аналарды балабақша жұмысына қызықтыратын оңтайлы жағдайда құрылу керек. Яғни, ата-ана балабақшада өздерінің балаларына деген құрмет пен махабатты сезінуі керек.
Ата-аналармен жұмыстың түрлері:
Дәстүрлі | Дәстүрден тыс |
1. Ата-аналар жиналыстары. -Жеке топтық және балабақшаның жалпы конференцияларын ұйымдастыру. - Тәрбиеші-педагогтың жеке кеңесі; - Балалардың үйінде болуы; - Ашық есік күндері; - Отбасы жөнінде мәліметтер дәптерін толтыру; - Ата-аналарға арналған ақпараттар бұрышы; - Әр түрлі тәрбиелік шараларға, мерекелік ойын-сауық ертеңгіліктерге қатысу; - Оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға қатыстыру; - Сауалнама жүргізу, әңгімелесу. | 2. Ата-аналармен тренингтер өткізу. - Пікір сайыстар жүргізу; - Психологиялық демалыс сәттері (разминка) ; - Ауызша журнал; - Ата-аналар кештер; . - Ата-аналар оқулары; - Ата-аналар рингі; - Ашық сабақтар. «Менің жанұям газетін»шығару. |
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
Отбасы баланы әлеуметтендірудің алғашқы институты ретінде қалыптасуының физикалық, психикалық адамгершілік саулығының негіздерін қалайды. Баланың жетістіктерін қажеттілігін қалыптастырады. Ресми және бейресми ереже, ұстанымдар нормалар мен белгілер кешенін анықтайды. Баланың қоғамда өмір сүруге даярлығын реттейді және бақылайды. Баланың әлеуметтік байланыстар туралы ұғымын қалыптастырады. Баланың мінез құлқының жалпы адамзаттың моральдық және мәдени стандарттарына үйретеді. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің баланың жеке қабілеттеріне, денсаулық жағдайларына дене бітімінің даму деңгейіне отбасы мүмкіндіктеріне сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын таңдауға құқығы бар.