Инклюзивті білім беру: заманауи жағдайы, проблемалары және болашағы
Пленарлық бөлімде ерекше білімдік қажеттіліктері бар балаларды оқыту ерекшеліктері туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының балалар құқығын қорғау және инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Баширова сөз сөйледі. Аймағымыздағы инклюзивті оқыту мәселелері мен болашағы туралы ПМПУ педагогика кафедрасының доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика кафедрасының меңгерушісі Нұрмағамбетова Ботагөз Амангелдіқызы баяндады.Білім беру ұйымында ерекше білімдік қажеттіліктері бар балаларды енгізу шарттары мен алгоритмі туралы облыстық дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру басшысы Адамова Алтыншаш Қасқырбайқызы өзойларымен бөлісті.
Семинар барысында инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру мектептерінің, балабақшалардың ұстаздары және арнайы мектеп-интернаттар мамандары да тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушыларға арт-терапия, ТРИЗ технологиясы, кейс-технологиясы бойынша заманауи технологияларды қолдана отырып, ашық сабақтар мен шеберлік сағаттарыөткізілді.
Семинар аясында қатысушыларға ғылыми-әдістемелікәдебиет, көрнекі құралдар мен құрылғылар көрмесі ұсынылды, ерекшебілімдік қажеттіліктері бар балалармен жұмысқа арналған бейімдеу оқукабинеттері бойынша экскурсиялар Да ұйымдастырылды.
Семинар қорытындылары бойынша әдістемелік ұсыныстарберілді.
Дереккөз:"EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі.