Қамқоршылық кеңеске есепті кездесу
Бекзатов Баянқұл Бөріханұлы
Түркістан облысы Жетісай ауданы
15-қаңтар күні Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты "Х.Доспанова атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Бекзатов Баянқұл Бөріханұлы 2024-2025 оқу жылының алғашқы жарты жылдығында атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген жетістіктер бойынша "Қамқоршылық кеңес" мүшелеріне есебін берді.
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп директоры, мектеп әкімшілігі, кәсіподақ төрайымы.
Күн тәртібі:
Мектеп директорының есебін тыңдау.
Мектеп директоры қамқоршылық кеңес мүшелеріне есеп беру барысында мектептің соңғы жетістіктері, оқу үдерісі, материалдық-техникалық базаның жақсаруы, оқушылардың жетістіктері, мұғалімдер біліктілігін арттыру шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, оқу жылының мақсаттары, оқыту сапасын арттыруға бағытталған жаңа жобалар, әлеуметтік қолдауға мұқтаж оқушыларға көрсетілетін көмек мәселелері қаралды. Кеңес барысында оқушылардың білім сапасын арттыру, тәрбие саласындағы жұмыстарды жетілдіру және мектептің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған алдағы жоспарлар талқыланды.
Есеп беру барысында қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп әкімшілігімен бірлесе отырып, шешілуі тиіс маңызды мәселелерді талқылап, түрлі ұсыныстарын ортаға салды. Бұл ұсыныстар білім беру үдерісін жақсартуға, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, оқушылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Кеңес отырысы нәтижесінде бірқатар нақты ұсыныстар әзірленіп, оларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары қарастырылды.
Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп директорының есебін тыңдап, оның мазмұны мен ұсынылған ақпараттарды талқылау нәтижесінде, есепті қанағаттанарлық деп бағалау туралы шешім қабылдады.