» » Қазақстан жетістік пен өркендеудің символы

Қазақстан жетістік пен өркендеудің символы

Қазіргі  Қазақстан – тәуелсіз, егеменді демократиалық мемлекет. Қазақстан әр түрлі  салаларда үлкен  жетістіктерге  жетті. Саясат , экономика, әлеуметтік сала, мәдениет және спорт сияқты жетістікке жетіп отыр.

Сонымен қатар білім саласы да жоғары деңгейде дами бастады.

 Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі ұшаң теңіз.Елбасымыздың арқасында көптеген мектептер және балабақшалар салынып, жеке меншік мектептер ашылды.   Бұл –қазақ жастарын білім нәрімен сусындатып, саналы,білімді, тәрбиелі ұрпақтың дамуына үлкен жол ашып отыр.

 Жаста оқыған оқуың – тасқа жазғанмен бірдей,

Егде тартқанда оқыған оқуың –мұзға жазғанмен бірдей.

Жастарымыз  өз мемлекетімізден алған білімдерін шет мемлекетте жалғастырып, білімнің қыр-сырын меңгеруде.    

    Бұл- біздің мемлекетіміздің дамуына орасан зор үлес қосады деген сенімдемін. Барлық осы жетістіктер Қазақстанды басқа елдерге танымал етті.      Әлемдегі өзге мемлекеттермен терезесі тең өмір сүруге мүмкіндік алу – кез келген ұлттың ұлы мұраты. Биыл егеменді ел болып, Тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл толады. 1986 жылғы Кеңес Одағының іргесін шайқалтқан Желтоқсан оқиғасынан тұп-тура бес жылдан кейін Қазақ елі өзінің Тәуелсіздік туралы декларациясын жариялады.

   Елбасы Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2030. Қазақстандықтардың өркендеуі, әл-ауқаты мен қауіпсіздігін жақсарту» атты халыққа Жолдауын арнады. Бұл стратегиялық жоспарды қабылдау – үнемі динамика мен дамуға ұмтылып отырған халықаралық қауымдастық ішіндегі жас мемлекеттің үлкен тәуекелге баруы еді. 1997 жылы  «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң қабылданып, қазақ тілі тұңғыш рет мемлекеттік басқару тілі болып бекітілді. 1997 жылы Президенттің Жарлығымен бұрынғы Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.

Астана –бас қаламыз,

Армандар асқақтаған,

Бірліктің бастауы боп,

Сан ғасыр сақталамыз.

 Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. «Тәуелсіздік тұғырым» деп өз елімнің еркіндігін өскелең ұрпаққа мақтан етемін.

Талайларды тамсандырып таң күліп,

Атты міне, тағы бір күн таң қылып.

Алды елім егемендік елдігін.

Жаса мәңгі елдігімді паш етіп.

Желбірейді, елімнің көк байрағы,

Осы еді ғой адамзаттың бар қалауы.

«Өз елім»- деп соғады жүрек дүрсілдеп.

Қазақстан өркендей бер мәңгілік.

   Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп  жатқанына 31 жыл.Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

   1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбі бірТүркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті.                    

                Тәуелсіздік

Тәуелсіздік тұғырым көк байрағым,

Көтерген көкке биік елдің даңқын.

Қайран бабам аңсаған бақытты күн,

Орындалды арман мен тілек бүгін.

Отан деп ұрпағыңда өскен өрен,

Қазақстан кең байтақ туған өлкем.

Қасиетті жерімді жырға қосып,

Отанымды дәріптеп, мақтан етем.

Туған өлкем, кең байтақ жүрегі кең,

Отанымды мәңгілік мақтан етем.

    Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз бір жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді. 

 Тәуелсіз елдің тұңғыш президенті  – Нұрсұлтан Әбішұлы   Назарбаевтың еліміздің көркейіп, өркендеуіне  қосқан үлесі орасан зор.Ең бастысы туған еліміздің бейбіт өмір сүруіне баса назар аударды. Жазық далаға ел жүрегі – Нұр-Сұлтан  қаласын  салып, оны  әлем жұртына таңыта білді. Қаланың аспанмен теңесе салынған биік ғимараттары мен халықтың қолданысы үшін әрқилы ойын-сауықтық кешендер барлығы қала әсемдігіне көрік қосып тұр. Қазақстанның әсем мекендері сұлу табиғаты, жұпар ауасы тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге айналды.

   Біз, жас өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың  аңсаған  арманы– тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.


«Алматы облысының білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Жамбыл атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі: Багатаева Багила Пауединовна

Эссе тақырыбы «Қазақстан жетістік пен өркендеудің символы»

25 наурыз 2025 г. 307 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 27 809 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 24 588 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31