Оқушылар арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу: теориядан практикаға
Мақалада жасөспірімдер арасындағы ойынға тәуелділік мәселесі және оның білім беру ортасында алдын алу қажеттілігі қарастырылады. Ойынға тәуелділікке төзімділікті қалыптастыруға, өзін-өзі бақылау мен сыни ойлауды дамытуға бағытталған қосымша модульмен 34 сағатқа арналған лудоманияның алдын алудың әзірленген бағдарламасы ұсынылған. 9-сынып оқушылары арасында бағдарламаны іске асырудың теориялық негіздері, әдістемелері келтіріледі. Педагогикалық және психологиялық тәсілдерге негізделген лудоманияны алдын алу шаралардың тиімділігі талданады. Мұғалімдер мен педагог-психологтарға мектеп ортасына осындай бағдарламаларды енгізу бойынша ұсыныстар ұсынылған.
Кілтті сөздер: лудомания, ойынға тәуелділік, алдын алу, жасөспірімдер, мектептегі білім, психологиялық-педагогикалық әдістер.
Лудомания мәселесі жасөспірімдер үшін, әсіресе цифрлық технологияның қарқынды таралуы жағдайында үлкен қауіптердің біріне айналуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, жасөспірімдер өзін-өзі бақылау механизмдерінің жеткіліксіз қалыптасуына және құрдастарының жоғары әсеріне байланысты құмар ойындар мен онлайн ойындарға әсіресе осал болып келеді [1]. Қазақстандағы зерттеулер сондай-ақ ойын белсенділігіне тартылған жасөспірімдер санының өсуін растайды, бұл алдын алуға кешенді көзқарасты талап етеді.
Осы туындаған өзекті мәселені шешу мақсатында «Жасөспірім мектеп оқушылары арасында лудоманияның алдын алу бойынша психологиялық бағдарлама» тақырыбында авторлық бағдарламаны әзірленді. Бұл авторлық бағдарламаның өзектілігі (маңыздылығы және оның қажеттілігі) келесі сын-қатерлермен байланысты:
1. Жасөспірімдердің құмар ойындарға қол жетімділіктің артуы. Заманауи цифрлық технологиялар мен интернет-платформалар жасөспірімдерді құмар ойындарға тарту мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Ресми дереккөздердің мәліметтері бойынша, кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға тарту жағдайларының көбею үрдісі байқалады, бұл уақтылы араласуды талап етеді. Жасөспірімдер үшін онлайн ойындар деструкивті ойлаудың және ойынға тәуелділіктің алғашқы қадамы болып табылады. «Молодежь» ғылыми зерттеу орталығының зерттеу нәтижелері 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 50,1% көп уақытын осы онлайн ойындарда өткізетінің көрсетті, соның ішінде 17,8% лудоманияға шалдыққан [2]
2. Теріс салдары. Құмар ойындарға қатысу жасөспірімдердің қаржылық, эмоционалдық және әлеуметтік жағдайына теріс әсер етеді, бұл оқу үлгерімінің нашарлауына, өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне және қауіпті мінез-құлық үлгілерінің дамуына әкеледі.
3. Кешенді тәсілдің қажеттілігі. Лудомания проблемасы көп қырлы сипатқа ие, сондықтан оны шешу үшін білім беру процесінің барлық қатысушыларының (оқушылар, мұғалімдер, психологтар, ата-аналар) интеграцияланған жұмысы қажет.
4. Қазіргі сын-тегеуріндерге сәйкестік. Жаһандану және цифрландыру жағдайында алдын алу бағдарламалары психология мен педагогиканың соңғы жетістіктерін ескеріп, әдістемелердің қазіргі жағдайларға бейімделуін қамтамасыз етуі керек.
Авторлық бағдарлама бірнеше өзара байланысты бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы жасөспірім оқушыларда нақты міндеттерді іске асыруға және белгілі бір құзыреттерді дамытуға бағытталған [3]. Бағдарламаның негізгі бөлімдеріне мыналар кіреді:
І-бөлім. Кіріспе. Бұл бөлім жасөпірім оқушылар арасында сенімді сенімді атмосфераны құруды мақсат етеді және лудомания мәселесімен таныстыру, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін белгілеу. Кіріспеде психологтың оқушылармен жүргізілетін жұмыстың негізгі ережелері бекітіледі, бағдарламаның тұжырымдамасы мен анықтамаларымен таныстырылады.
р/с | Тақырып | Оқу мақсаты | Білім өнімі | |
І бөлім. Кіріспе. | ||||
1.1 | Кіріспе. Бағдарламамен және жұмыстың ережелерімен танысу | Сенімді атмосфера қалыптастыру, оқушылармен танысу, жұмыс ережелерін бекіту және лудомания түсінігін енгізу. | Бағдарламамен, бекітілген ережелермен танысады, тақырыпты түсінеді. |
ІІ-бөлім. Теориялық-танымдық бөлім. Бұл бөлімде жасөспірім оқушылар құмар ойындардың мазмұны, олардың тарихы, тәуелділіктің қалыптасу механизмдері мен олардың тұлғаға ықпалы туралы білімдерді жүйелі қалыптастыруға бағытталған.
р/с | Тақырып | Оқу мақсаты | Білім өнімі | |
ІІ бөлім. Теориялық-танымдық бөлім. | ||||
2.1 | Құмар ойындар дегеніміз не? | Құмар ойындар түсінігін беру, ойын сауық пен тәуекел мінез-құлықты ажырату. | Құмар ойындардың мәні мен олардың түрдері туралы нақты түсінеді. | |
2.2 | Құмар ойындардың тарихы мен әлеуметтік мәдени контекст | Құмар ойындардың тарихи даму кезеңдерін зерттеу және Қазақстандағы дәстүрлердің ықпалын талдау. | Құмар ойындардың тарихи даму динамикасын және мәдени мазмұның түсінеді. | |
2.3 | Тәуелділіктің психологиялық механизмдері | Сыйақы жүйесінің жұмысын, тәуелділікті қалыптастыруда дофаминнің рөлін түсіндіру. | Тәуелділіктің қалыптасуының нейробиологиялық негіздерін түсінеді. | |
2.4 | Когнитивті бұрмаланулар: бақылау иллюзиясы және «ойыншының қателігі» | Тәуелділікке ықпал ететін когнитивті бұрмалануларды тануға үйрету. | Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары мен тәукелді бағалау білігі қалыптасады. | |
2.5 | Құмар ойындардың салдары | Құмар ойындарға қатысудың жағымсыз салдарымен таныстыру. | Құмар ойындардың теріс әсерін түсінеді. | |
2.6 | Құқықтық және этикалық қырлары | ҚР заңнамасымен таныстыру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру. | Құқықтық нормалар мен этикалық стандарттарды біледі, жауапкершілі сезімін қалыптастырады. | |
2.7 | Цифрлық орта және онлайн-ойындар | Онлайн құмар ойындардың ерекшеліктерін зерттеу және сандық ортаның тәуекелдерін анықтау. | Онлайн қосымшаларды сыни талдау дағдылары қалыптасады. | |
2.8 | Технология және ақпараттық қауіпсіздік | Цифрлық тәуекелдермен танысу және интернет-манипуляциялардан қорғануды үйрену. | Цирфлық қауіпсіздік бойынша негізгі білім, сыни қабылдау дағдылары қалыптасады. |
ІІІ-бөлім. Тәжірибелік-әдістемелік бөлім. Теориялық білімдерді тәжірибелік тапсырмалар арқылы (рөлдік ойындар, кейс-стади, жағдаяттарды симуляциялау) бекіту, жаттықтыру. Бұл бөлімде оқушылар тәжірибеде теориялық тұжырымдамаларды қолданып үйренеді:
1. Өзін-өзі дамытудың жеке жоспарын және дағдарыстық жағдайларда әрекеттердің алгоритмін әзірлеу.
2. Құрдастары тарапынан қысым көрсетілген жағдайда ассертивті мінез-құлықты игеру.
3. Жағдаяттарды симуляциялау: жасөспірім оқушыларға құмар ойындар мен альтернативті (бос уақытты мейлінше қауіпсіз өткізу нұсқалары) түрлері арасында таңдау жасау.
р/с | Тақырып | Оқу мақсаты | Білім өнімі | |
ІІІ бөлім. Тәжірибелік-әдістемелік бөлім. | ||||
3.1 | Эмоциялар, импульсивтілік және шешім қабылдау | Эмоциялардың қауіпті шешімдерге әсерін зерттеу және импульсивтілікті бақылау әдістерін меңгеру. | Эмоционалды реттеу және өзін-өзі бақылау дағдыларын меңгереді. | |
3.2 | Топ пен құрдастардың әсері
| Топтық қысымның әсерін талдау және ассертивті мінез-құлық дағдыларын дамыту. | Қысымға қарсы тұра алады, өз шешімдерін қорғай біледі. | |
3.3 | Отбасылық қатынастар және қолдау
| Отбасылық қолдаудың маңыздылығын түсіну, көмек сұраудың жеке жоспарын жасау. | Отбасының рөлін түсінеді, жеке отбасылық қолдау жоспарын жасай алады. | |
3.4 | Қаржылық сауаттылық
| Жеке бюджетті құру негіздерін үйрету және құмар ойындардың қаржыға әсерін көрсету. | Қаржылық жоспарлаудың практикалық дағдылары қалыптасады. | |
3.5 | Медиа сауаттылық және сыни ойлау
| Жарнамалық хабарламаларды талдау және манипуляцияларға қарсы тұру дағдыларын дамыту. | Медиа хабарламаларды сыни қабылдау дағдылары қалыптасады. | |
3.6 | Бас тарту әдістері және ассертивті мінез-құлық
| Сенімді бас тарту және ассертивті қарым-қатынас дағдыларын үйрету. | Ассертивтілік пен сенімді бас тартудың практикалық дағдылары қалыптасады. | |
3.7 | Өзін-өзі дамытудың жеке жоспары
| Бос уақытты дамыту мен альтернативті жеке жоспарын құру. | Өзін-өзі дамытудың жеке жоспарын, альтернативті демалыс стратегиясын құра алады. | |
3.8 | Стрессті басқару және релаксация
| Стрессті басқару әдістерімен танысу және релаксация жаттығуларын меңгеру. | Өзін-өзі реттеу дағдылары және релаксация әдістерін меңгереді. | |
3.9 | Эмоционалды интеллект
| Эмоцияларды тану және басқару, эмпатияны арттыру қабілетін дамыту. | Өзін-өзі реттеу және эмпатия дағдыларын жетілдіреді. | |
3.10 | Хобби және альтернативті қызығушылықтар
| Салауатты әуестенішілік құмар ойындарға альтернатива екенін көрсету. | Альтернативтідемалыс идеялары, жеке мүдделерін дамытады. | |
3.11 | Өзін-өзі бақылау техникалары | Өзін-өзі бақылау және импульсті бақылау әдістерін меңгеру. | Өзін-өзі бақылау және қауіпті әрекеттердің алдын алу дағдылары қалыптасады. | |
3.12 | Рөлдік ойын: тәуекел сценарийлері
| Құмар ойындарға азғыру жағдайларын модельдеу және альтернативті стратегияларды қолдану. | Негізделген шешімдер қабылдаудың практикалық тәжірибесі қалыптасады. | |
3.13 | Нақты жағдайларды талдау
| Құмар ойындарға қатысудың нақты жағдайларын зерттеу, тәуекел факторларын және сәтті араласуды анықтау. | Аналитикалық дағдылар, тәуелділік механизмдерін түсінеді. | |
3.14 | Профилактикалық науқанды топтық әзірлеу
| Профилактикалық науқанның ұжымдық жобасын әзірлеу. | Науқанның дайын жобасы әзірленеді, ұжымдық тәжірибе жинақталады. | |
3.15 | Қайталанудың алдын алу
| Құмар ойындарға азғырылған жағдайда жеке іс қимыл жоспарын жасау. | Жеке әрекет алгоритмі, қайталанудың алдын алу дағдылары қалыптасады. | |
3.16 | Мектептің рөлі: қолдау және көмек
| Мектеп ресурстарымен танысу және оқушыларды қолдаудағы білім беру мекемесінің рөлі туралы түсінік қалыптастыру | Қолдау ресурстарын біледі, мектептің рөлін түсінеді. | |
3.17 | Құрдастар қолдау көрсетуші тұлға ретінде
| Құрдастар арасында өзара көмек пен қолдау дағдыларын дамыту | Әлеуметтік қолдауды пайдалану дағдылары қалыптасады. | |
3.18 | Жағдайлардың практикалық тренажері
| Алынған білімді имитацияланған жағдайларда қолдану және шешім қабылдау дағдыларын пысықтау | Төтенше жағдайларда шешім қабылдаудың практикалық тәжірибесі қалыптасады. |
IV-бөлім. Интегративті-рефлесивті бөлім. Бұл бөлімде білім мен дағдыларды бекіту қарастырылған және кері байланыс орнату мен бағдарламаның тиімділігін бағалау материалдары берілген. Әдістемелік негіздердің ішкі бірлігі мен бірізділігін бағалауға мүмкіндік беретін қортынды викториналар, топтық талқылаулар, жеке прогресс рефлексиясы ұсынылған.
р/с | Тақырып | Оқу мақсаты | Білім өнімі | |
IV бөлім. Кіріктірілген-рефлексивті бөлім. | ||||
4.1 | Жобаларды презентациялау | Жобаларды әзірлеу нәтижелерін ұсыну, кері байланыс алу. | Көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі қалыптасады, теориялық және практикалық білімді біріктіру іске асырылады. | |
4.2 | Алдын алудың сәтті жағдайларын талдау | Алдын алудың сәтті кейстерінің тарихын зерттеу, негізгі факторларды бөліп көрсету. | Мотивация, мінез-құлықты сәтті өзгерту мысалдарымен танысады. | |
4.3 | Теорияны қорытынды жалпылау
| Курстың теориялық негізін бекіту, негізгі ұғымдарды қайталау. | Шоғырландырылған білім, курс картасы туралы түсінік қалыптасады. | |
4.4 | Рефлексия және өзін-өзі бағалау
| Жеке прогресті талдау, одан әрі дамудың жетістіктері мен бағыттарын анықтау. | Жеке прогресс туралы хабардар болу, одан әрі даму жоспары анықталады. | |
4.5 | Кері байланыс, бағдарламаға коррекция жүргізу | Бағдарлама туралы қатысушылардың пікірлерін алу, жақсарту бағыттарын анықтау | Кері байланысты талдау, бағдарламаны түзету бойынша ұсыныстар құрылады. | |
4.6 | Қорытынды практикалық тапсырма / жобаларды таныстыру | Жұмысты қорытындылау, теориялық және практикалық білімнің интеграциясын көрсету. | Қорытынды жоба, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары қалыптасады. | |
4.7 | Қорытынды сабақ. Рефлексия және аяқтау рәсімі | Курсты оң нотамен аяқтау, қорытындылау, одан әрі өзін-өзі дамытуға ынталандыру. | Рефлексивті талдау, мотивация, оқудың толықтығын сезіну қалыптасады. |
V-бөлім. Педагогтар мен ата-аналарға арналған қосымша бөлім. Бұл бөлім жасөспірімдермен жұмыс жүргізудің әдістемелік базасын құруға бағытталған тренингтер мен семинарларды, тәуелділікті ерте айқындаудың дағдыларын дамыту мен білім беру мекемелерінде қолайлы тәрбиелеуші климатты құру негіздерін қамтиды. Бұл білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының күштерін кіріктіруге және алдын-алу жұмысының жүйелілігін қамтамасыз етеді.
р/с | Тақырып | Оқу мақсаты | Білім өнімі | |
Педагогтар мен ата-аналарға арналған қосымша бөлім | ||||
1 | Тәуелділік психологиясы мен механизмдер | Тәуелділікті қалыптастырудың нейроғылымдық және психологиялық механизмдерімен және қауіп белгілерімен таныстыру. | Тәуелділік механизмдерін түсінеді, тәуекелді ерте анықтау дағдыларын қалыптастырады. | |
2 | Тәуелділікті ерте айқындау және қолдау құру | Оқушылардың мінез-құлқын бақылау және сыныпта қолайлы атмосфера құру дағдыларын дамыту. | Тәуекелді мінез-құлықты анықтау дағдылары қалыптасады, қолдау көрсету бойынша ұсыныстар әзірленеді. | |
3 | Ата-аналармен өзара әрекеттесу | Қарым-қатынастың тиімді әдістерін және тәуелділіктің алдын-алуды үйрету. | Ата-аналармен өзара әрекеттесу стратегиялары, бірлескен профилактикаға дайындық жүргізіледі. |
Ұсынылған авторлық бағдарламаның ерекшелігі бірнеше топтардың бірлескен жұмысын қарастырады:
- оқушылар: негізгі мақсатты аудитория, оқушылар үшін сыни тұрғыдан ойлауды, эмоционалды өзін-өзі реттеуді, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға бағдарланған теориялық және тәжірибелік сабақтар әзірленді.
- педагог-психолог пен педагогтар: тәуекел жағдайларды уақытылы анықтауға көмек береді, білім беру үдерісіне алған білімдерді кіріктіруге және оқушыларға қолдау көрсетуге бағытталады.
- ата-аналар: тәуелділікті алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған тренингтер арқылы отбасылық қолайлы ортаны құру жасөспірімдерге қолдау көрсету және жалпы құндылықтарды қалыптастыру көзделген. Барлық топтар тығыз байланыста жұмыс істейді, бұл лудоманияның алдын алуға кешенді тәсілді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама Маңғыстау облысы Білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 Гимназиясында» КММ, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің «Ақсай қаласының №2 ЖОББМ» КММ 9 сынып оқушылары арасында апробациядан өткізілді. Осы бағдарлама бойынша педагог-психологтардың жұмысынан кейін, оқушылардан сауалнама алынып, келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- онлайн ойындарға қатысу деңгейінің төмендеуі (бастапқы деректермен салыстырғанда 30%);
- оқушылардың ойынға тәуелділік қаупі туралы хабардарлығының артуы (45%-ға);
- өзін-өзі бақылау деңгейі және ойындарға саналы көзқарас артты.
Педагогтар мен психологтардың пікірінше, бағдарлама ойынға тәуелділік қаупін азайтуға ғана емес, сонымен қатар эмоционалды реттеу мен жауапты мінез-құлықтың жалпы дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Алынған нәтижелер мектеп бағдарламасына осындай алдын алу бағдарламаларын енгізу қажеттілігін көрсетеді.
Жасөспірім оқушылар арасындағы ойынға тәуелділіктің алдын алу психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік шараларды қамтитын кешенді тәсілді қажет етеді. Ұсынылған бағдарлама мектеп жағдайында тиімді екендігі дәлелденді және оны кеңінен қолдану үшін ұсынуға болады. Болашақ зерттеулер әртүрлі жас топтарына арналған әдістемелерді бейімдеуге және цифрлық құралдарды алдын алу шараларына біріктіруге бағытталуы керек.
Әдебиеттер тізімі:
1. Игровое расстройство. https://www.who.int/ru/news-room/questions-and-answers/item/gaming-disorder
2. Гемблинг в Казахстане: менее чем за месяц численность осознанных лудоманов превысила 10 тысяч человек. https://ranking.kz/reviews/socium/gembling-v-kazahstane-menee-chem-za-mesyats-chislennost-osoznannyh-ludomanov-prevysila-10-tysyach-chelovek.html
3. Алдабергенова К.У., Орынбаева Х.А. Жасөспірім мектеп оқушылары арасында лудоманияның алдын алу бойынша психологиялық бағдарлама (авторлық бағдарлама) – Бейнеу ауданы, 2025 ж. - 117 б.
Алдабергенова Камшат Убайдуллаевна
Бейнеу лицейінің педагог-психологы, педагог-зерттеуші
Орынбаева Ханым Асанқызы
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы, педагог-сарапшы
Оқушылар арасында ойынға тәуелділіктің алдын алу: теориядан практикаға