» » ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Өскемен қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты

ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері Өскемен қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен тәжірибе алмасты

20-21 сәуірі аралығында ҚР ПІБ Медициналық орталығының Шығыс Қазақстан облысындағы күндері аясында «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері делегация құрамында Өскемен қаласының мектепке дейінгі ұйымдарын аралады.

Балабақша педагогтары Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған мамандандырылған валеологиялық мектеп-кешенінің жұмысымен танысты. Экскурсия барысында осындағы «Балалар университеті»: STEM-зертхана, ойын технологиялары, «Тұлғаны дамыту», психологиялық қолдау және диагностика,  «Мейкерспейс» зертханаларын аралады. Келесі объект «Мұрагер» балабақшасына экскурсия барысында психолог, шығармашылық, релаксация, лингвистика кабинеттерінің және этнобұрыштың жұмысымен танысты. №18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайындағы «Шебер қолдар» кабинеті, «Balapan» ақпараттық-білім беру орталығы, «Галотерапия» және робототехника кабинеттерінің жұмысымен танысты. Ал №1 «Балапан» балабақша-бөбекжайында  «Интеллектум», робототехника, сенсорлық кабинеттерін аралады.  Кездесу аясында «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева  «Желілік балабақша моделі» презентациясын ұсынып, балабақшаның атқаратын қызметі, оқытудың инновациялық әдістерімен таныстырып, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Сапардың екінші күні «Қарлығаш» балабақшасының өкілдері №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайында болып, осындағы «Бестемше» кабинеті, Монтессори орталығы, педагогтер шығармашылығының көрмесін аралап, аталған ұйымның 10 жылдығына орайластырылған  дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Дөңгелек үстелге Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының өкілдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Дөңгелек үстел барысында «Қарлығаш» балабақшасының  №2 объектісінің меңгерушісі Раушан Қожахметова білім беру сапасын бағалау үшін ECERS-3 шкаласын мектепке дейінгі мекемеде пайдалану және осы әдістемені қолданудағы тәжірибемізбен бөлісті.  Ал №3 объекті әдіскері Жұлдыз Сәрсебаева балалар кванториумы кеңістігінің жұмысы жайлы презентация жасап, шеберлік сыныбын өткізді.

«Өскемен қаласының мектепке дейінгі ұйымдарымен кездесулер аясында ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында қолданылып жүрген әдістемелер, инновациялар мен пилоттық жобалар туралы да ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ, «Қарлығаш» балабақшасының заманауи қызметтерді көрсететін республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көшбасшысы ретінде өз тәжірибесін өңірлердің мектепке дейінгі ұйымдарына таратуға дайын екендігі атап өтілді», - дейді «Қарлығаш» балабақшасының директоры Бейбітгүл Қазақпаева .

Атап өткен жөн, ағымдағы жылы осы форматтағы іс-шаралар тізбегін ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде өткізу жоспарланған. Бұған дейін балабақша өкілдері делегация құрамында Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Шымкент қаласында болып қайтты. Мақсат – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың инновациялық әдістемелерін дамыту саласында тәжірибе алмасу.

21 сәуір 2023 г. 18 519 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 814 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 731 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930