» » Тәжірибе алмасу

Тәжірибе алмасу

 Павлодар қаласында 2017 жылғы 5-6 қараша күндері тәжірибе алмасу мақсатымен Қарағанды облысы Теміртау қаласының білім беру бөлімінің  өкілдерінен, оқу орындарының басшыларынан құралған делегациясы болды.

Бірінші күні қонақтар «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығына барды. Мекеме басшысы Г.К.Тұрсынов  дарынды балалармен жасалатын жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Кейін экскурсия барысында облыс орталығының көрікті жерлерімен танысу жүргізілді.

Екінші күні делегация «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде болып, 10 жыл бойы  республиканың 100 үздік мектептері қатарындағы  оқу орнының жұмысымен танысты. Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында  жаңа модификациялы және робототехника оқу кабинеттері көрсетілді. Павлодар қ. №39 орта мектебінде қонақтар көптілділікті енгізу жұмысы жүйесімен, №25 орта мектебінде денсаулық сақтау жобаларымен және оқушылардың сабақтан тыс қамтылуын ұйымдастыруымен таныстырылды. Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің педагогтары оқушылардың жоба жұмысымен бөлісті. М. Катаев атындағы оқушылар сарайының қызметкерлері қосымша білім беруді ұйымдастыру бойынша танысу бағдарламасын дайындаған. Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясындағы экскурсия танымды да тардымды болды. Соңында  қонақтар №16 лицей-мектебінде оқу сапасын арттыруға жағдай жасау бағдарламасымен танысты.

Кездесу өз ісінің кәсіпқойлар мен ынтагерлерінің тәжірибе алмасуына қызмет етіп, барлығына шығармашылық дем берді.

08 қараша 2017 г. 3 618 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 702 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930