» » Академия ғалымы Украинада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

Академия ғалымы Украинада өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

21-22 қыркүйекте Киев қаласында Украинаның ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясы және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесіп,«Иммерсивті технологияларды білім беруде қолдану» тақырыбындағы І халықаралық практикалық конференция өткізді.

Конференция жұмысына әртүрлі мемлекеттің 17 университетінен ғалымдар, зерттеушілер, ІТ мамандар, мұғалімдер қатысты. Конференция барасында иммерсивті технологияларды білім беруде қолданудың технологиялық, психологиялық-педагогикалық,

әдіснамалық ерекшеліктері талқыланды.

Конференцияда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, білім беруді цифрландыру лабораториясының жетекші ғылыми қызметкері, п.ғ.к, доцент М. Мукашева «Results of a study on students’ attitudes to the use of virtual and augmented reality at school» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция барысында иммерсивті технологиялар мен геймификацияның психологиялық әсері туралы пікірталастар өтті.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар Киев қаласындағы Иван Кудри атындағы №181 мамандандырылған мектепке барып, «Жаңа Украина мектебі» жобасымен танысты.

25 қыркүйек 2021 г. 46 503 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 31 005 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 25 409 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930