30 қыркүйекте ҚазҰУ-де ғылыми-тәжірбиелік конференция өтеді
2017 жылы 30 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «ЭКСПО-2017: Қазақстанның модернизациялық алға жылжуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйене отырып,EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Конференция жұмысына Қазақстанның ғылыми зерттеу институттарының жетекші сарапшылары, мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік компаниялардың өкілдері экономистер, әлеуметтанушылар, докторанттар мен магистранттар қатысады.
Шара барысында көрме қорытындысы бойынша ұсынылған жобалардың тәжірибелік маңыздылығы, сондай-ақ Қазақстанның модернизациялану процесіне ЭКСПО-2017 көрмесінің тигізген экономикалық, әлеуметтік және мәдени әсері талқыланатын болады.
Конференция аясында қатысушылар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жасыл технологиялар орталығының жұмысымен танысады.
Өтетін күні мен уақыты: 30 қыркүйек, басталуы сағат 10:00-де .
Өтетін жері: Әл-Фараби даңғылы, 71/27, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасы, 4-қабат.