» » NIS өнертапқышы нашар көретін жандарға арналған құрылғыны жасап шықты

NIS өнертапқышы нашар көретін жандарға арналған құрылғыны жасап шықты

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Диана Хасимова Брайль шрифтімен сөйлейтін өзін-өзі оқыту құралын ойлап тапты.

Құрылғы Брайльді оқытуға немесе өздігінен үйренуге арналған. Ақпарат дауыстық хабарламалар түрінде беріледі.

«Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Қуаныш Қапанов зағип және нашар көретін жандарға арналған құрылғыны тест сынақтарынан өткізді.

— Мен Диананың құрылғысын ерекше деп есептеймін. Бұл Жетісу өңіріндегі зағип жандарға арналған алғашқы оқу құралы деп ойлаймын. Автор біздің барлық қалауларымызды ескере отырып, тамаша дүниені ұсынып отыр. Бұл құрылғының екі дауыс режимі бар: олар алфавиттік және тыныс белгілері, цифрлық және математикалық белгілері. Құрылғының ерекшелігі – оның үш тілді болуы, — дейді Қуаныш Қапанов.

Кездесу Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті. Құрылғыны жақсарту үшін «Қазақ зағиптар қоғамы» тарапынан бірнеше кеңестер берілді. Мысалы, құрылғының өлшемін ыңғайлы ету .

— Құрылғыда алты баллдық жүйе бар. Arduino микроконтроллерінің негізінде басқару кілттері және қайта зарядталатын батарея бар. Қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі әліпбиі енгізілген, —  дейді автор сұхбатында.

Өнертапқыш Диана Хасимованың айтуынша, ноу-хау Брайль қарпін үйренуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар оқу орындарында қолдануға жарамды.

Оқу құралының ресми тұсаукесері 2024 жылдың қаңтарында өтеді.

Жоба жетекшісі Николай Авдюнин Назарбаев Зияткерлік мектебінің робототехника пәнінің мұғалімі.

27 желтоксан 2023 г. 15 945 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 137 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 587 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031