» » Мейірімділік шыршасы

Мейірімділік шыршасы

 

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Айналайын» балалар үйінің, оңалту орталығының, нашар еститіндерге арналған мектеп-интернатының, Шымыр ауылдық мектебінің тәрбиеленушілеріне 100 жаңа жылдық тәттілерді табыс етті.

Бұл күн нағыз сиқырлы мерекеге айналды. Мектептің өзін-өзі басқару қоғамдастығының көшбасшылары балаларға арнап жаңа жылдық «Мейірімділік шыршасын» ұйымдастырды.

NIS оқушылары көңілді сайыстар, эстафеталар және дайындады. Әр бала тақпақ, көңілді ән айтып, би биледі.

Жаңа жылдық қойылым, көңілді жарыстар, қызықты ойындар әр балаға өзін ертегі әлемінің бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік берді.

Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Әнуар Нарғұлан үшін «Жаңа жыл» ең сүйікті мерекелерінің бірі. Өйткені, бұл күні үлкен-кішінің бәрі тілек айтып, ғажайыпты үмітпен күтеді. Әнуар 3-сыныпта оқиды, оның арманы болашақта полиция қызметкері болу. «Мен өскенде батыр болғым келеді, бәрін құтқарып, көмектескім келеді», - дейді жас кейіпкеріміз.

Осылайша  NIS волонтерлері «Бөбектер үйінің» ең кішкентай тұрғындарын да құттықтап, тәтті сыйлықтар табыстады.

«Көтеріңкі көңіл күй сыйла» - бұл бөбектерге халық ертегілері, ойындар мен викториналар арқылы қазақ тілін үйрететін әлеуметтік жобаның атауы.

«Біз балаларға махаббат, назар, қамқорлық пен жылулық жетіспейтінін сеземіз және мүмкіндігінше осы жетіспеушіліктің орнын толтыруға тырысамыз», - дейді  9-сынып оқушысы Шырын Көзімбай. – Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен біліммен бөлісу қандай бақыт! Біз үшін ең маңыздысы  кішкентай бөбектерімізге өз мейірімділігімізді сезіндіру және  жүздеріне күлкі сыйлау.Сондықтан әрбір жанды жобамызға қосылып, бала күлкісінің себепкері болуға шақырамыз!

 

«Жақсылық шыршасы» жүздеген балалардың жүрегін біріктіретін мектеп дәстүріне айналған ерекше мейрам.

Мерекелік көңіл-күй толқынында Зияткер оқушылар кішкентай достарымен бірге келе жатқан Жаңа 2024 жылды қарсы алуда.

27 желтоксан 2023 г. 3 766 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 913 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930