» » Түркия мектебінде Дарвин теориясының орнына жихад туралы пәндер оқытылады

Түркия мектебінде Дарвин теориясының орнына жихад туралы пәндер оқытылады

 Қыркүйек айынан бастап Түркия еліндегі мектеп оқушылары жаңа бағдарлама бойынша білім алатын болады, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі bbс сайтына сілтеме жасай отырып. 

 Жаңа бағдарламаның мазмұны кейбір ата-аналарды уайымға салып отыр екен.

Бар мәселе биліктің мектеп бағдарламасында діни пәндердің міндетті пән ретінде оқытылуы болып отыр.

«Түркия еліндегі білім жүйесі ешқашан керемет болмаған. Ал қазір мектеп бағдарламасына діни пәндерді міндетті етіп бекітіп отыр. Бірақ олардың жихад туралы пәндердің бекітілуі барып тұрған сорақылық деп есептеймін», – дейді мектеп оқушысының ата-анасы.

Сонымен бірге мектеп оқушыларына Құрандағы дұғалардың оқылуын да үйретеді екен. Кейбір адамдар бұл мектеп бағдарламасына қарсылықтарын білдіруде. Себебі көбісі балаға діни білімді мектепте емес, үйде үйрету керек деп есептейді.

Түркия елінің билік өкілдері жаңа оқу бағдарламасынан атақты Дарвин теориясын алып тастаған. Оның орнына жихад туралы пән оқытылатын болады.

Бұл жаңалықтар Түркия елінің зайырлы мемлекеттен ислам мемлекетіне ауысуын білдіреді деп есептейді оппозиция мүшелері. Мемлекет басшысы Эрдоған да түріктердің барлығы бірдей дінді ұстанғанын қалайтынын бір емес, бірнеше рет айтқан болатын.  

24 тамыз 2017 г. 56 343 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 961 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031