» » ОҚО-да үш ауысымды 21, апатты 20 мектеп бары айтылды

ОҚО-да үш ауысымды 21, апатты 20 мектеп бары айтылды

 Оңтүстік Қазақстан облысында үш ауысымды 21 мектеп, апатты жағдайда тұрған 20 мектеп бар деп мәлімдеді 15 тамызда облыс әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Раушан Ергашова.Бұл туралы Азаттық радиосына сілтеме жасай отырып,caravan.kz хабарлады.

 Шенеуніктің сөзінше, апатты деп танылған 20 мектептің 16-сында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

- Үш ауысымды мектептердің де мәселесі ақырындап шешіліп жатыр. Бұл мәселені 100 пайыз шешу мүмкін емес. Бізде халықтың өсімі жоғары. Жылда 30 мың оқушы қосылады, - дейді Ергашова.

Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтің айтуына қарағанда, облыстағы 40 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған.

Сәдібековтің сөзінше, облыста жалпы орта білім беретін 1021 мектеп бар. Жаңа оқу жылында алты мектеп пайдалануға беріледі. 897 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары, 43 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттен қаражат бөлінген.

- Үш мектепте жұмыс толық аяқталды. 40 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, - дейді ол.

Ресми мәлімет бойынша, облыста сонымен қатар 2016 жылы 14 шағын мектеп жабылған. Қазір 136 шағын мектеп бар. Облыста 80 мектептің балалары көрші ауылдардан қатынап оқиды.

Облыста жаңа оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы білім алады деп болжанып отыр. Олардың 73 мыңнан астамы бірінші сыныпқа барады.

16 тамыз 2017 г. 2 013 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 604 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930