» » Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Іс-шара ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М. Әзілханов, сондай-ақ ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы  Ғ. Шойкиннің қатысуымен өтеді.

Кеңейтілген отырыстың күн тәртібінде әлеуметтік әділеттілік тұжырымдамасын қоғамның қабылдауы, оны қамтамасыз ету нысандары мен әдістері, қазақстандықтардың азаматтық бірегейлігін қалыптастыру динамикасындағы рөлін бағалау және т.б. талқыланатын болады.

Модератор – Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е. Әбіл.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының, мемлекеттік органдар, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен ҚХА өңірлік ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері және басқалар қатысады.

Бағдарлада сарапшылар мен ғалымдардың баяндамалары, еркін пікір алмасу және отырыстың қорытындысын талқылау көзделген.

Өтетін күні: 25 қараша 2022 ж., тіркеу: 9.45-10.00, негізгі бөлім: 10.00-ден 11.00-ге дейін.

Өтетін орны: Астана қ., Достық Үйі (Бауыржан Момышұлы даңғылы 24/9).

Басқа өңірлердің қатысушылары ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде қосылатын болады.


Жауапты тұлға: Адилет Амиров

Тел: +7 705 342 9552; 47-28-26
Пошта: iaes.2020@inbox.ru 

25 қараша 2022 г. 402 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 768 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 056 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031