» » Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналысына - форумға шақырады.

Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналысына - форумға шақырады.

  Академиялық адалдық лигасы Сізге құрмет көрсете отырып, Академиялық адалдық лигасының жалпы жиналысына - форумға шақырады.Өткізу күні мен уақыты: 22 желтоқсан 2022 ж. сағат 10:00Өткізу орны: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8, М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі KAZGUU баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Форум аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өзекті мәселелеріне, оның ішінде жоғары оқу орындарының өзін-өзі реттеуі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Академиялық адалдық мәдениетін дамыту тетіктері және алқалылық арқылы сапаны қамтамасыз етуге арналған пікірталасқа қатысуды ұсынамыз. Талқылауға 16 жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының басшылары, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, EdCrunch негізін қалаушы Нұрлан Қиясов, "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің басшысы Дидар Смағұлов, сондай-ақ "Атамекен" ҚР ҰКП және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері қатысады.Сондай-ақ, еліміздің 16 жоғары оқу орнының білім алушылары мен оқытушыларының қанағаттануы бойынша өткізілген сауалнамалар мен сессиялардың нәтижелерімен таныстыратын Лиганың көрнекі - талдамалық дашбордтары таныстырылады. 2022 жылдың көктемінде жүргізілген сауалнамаға 30 000-нан астам респондент қатысты және оның нәтижелері осы іс-шарада алғаш рет ұсынылады.Сіздің назарыңызға Жобалау кеңсесін және зерттеу этикасы бойынша университетаралық комитетті құру сияқты Лиганың жаңа бастамалары ұсынылады.
21 желтоксан 2022 г. 624 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 13 044 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031