» » Алматы жоғарғы оқу орындары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пактіге» қол қоюға дайын

Алматы жоғарғы оқу орындары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы пактіге» қол қоюға дайын

 Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дайындаған еліміздің жоғары оқу орындары мен ҚР Білім және ғылым министрлігіне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстары талқыланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Жобаны талқылауға Алматы қаласының 14 ірі мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындарының басшылығы қатысты.
«Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев: «Агенттік біздің қоғам өмірінің барлық салаларында, оның ішінде жоғары оқу орындарында, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізіп жатқанын және талдау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстарды енгізетінін» - атап өтті.
Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әзірленген ұсынымдардың әрбір тармағын белсенді және нақты талқылап, жалпы ұсынымдар жобасын қолдап, жекелеме ұсыныстар енгізді.
Қорытындылай келе, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменттінің басшысы Данияр Таумұрат барлық ұсыныстар мен ескертпелер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін жоғары оқу орындарының қызметінде ашықтық орнатуға бағытталған ұсыныстарды қабылдау кезінде ескерілетіндігін айтты.
28 қыркүйек 2018 г. 1 931 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 037 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 813 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930