» » KAZGUU заңгерлері ZOOM платформасы арқылы тегін кеңес береді

KAZGUU заңгерлері ZOOM платформасы арқылы тегін кеңес береді

М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU Университеті  азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халыққа заңгерлік көмек көрсету мақсатында "TEGIN KENES" жобасын бастады. Енді Қазақстанның әрбір азаматы үйден шықпай-ақ білікті заңгердің кеңесін тегін ала алады. 

Ол үшін ZOOM қосымшасын орнатып, сілтеме бойынша өту қажет: https://clck.ru/Qjy2P. Азаматтарды қабылдау виртуалды кабинетте дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 10.00 - 18.00 аралығында өтеді.

   «Әр адамға сапалы құқықтық кеңес қажет. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлік қызметтің басым міндеттерінің бірі — мұқтаж  жандарға заңгерлік көмек беру деген болатын.  Бірақ құқықтанушы мамандар қызметінің бағасы барлығына бірдей қолжетімді емес.  Сауатты заңгерлердің кеңесі уақытында берілген болса, біраз кейстерді шешуге болатын еді»,-деп атап өтті клиницист-студент Рамазан Әзіретқұлов.
   Заң клиникасы директорының айтуынша азаматтық, отбасылық немесе еңбек мәселелері бойынша хабарласуға болады. Клиницист-студенттердің жауаптары алдын ала кәсіби заңгерлердің сапа тексеруінен өтеді.

«Біз Қазақстанда Волонтерлер жылы жарияланғанға дейін де құқықтық еріктілер ретінде белсенді жұмыс атқардық. Биыл карантиндік шектеулерді ескере отырып, қашықтан кеңес беруді қолға алып отырмыз. Арнайы әзірленген   Zandar.kz сайтынан басқа, ZOOM платформасында виртуалды кабинет іске қосылды. Заң клиникасында тағылымдамадан өтіп жүрген студенттер Сізді мазалаған сұрақтарға онлайн режимде жауап беруге дайын. Біз студенттеріміздің күш-жігері арқылы құқықтық волонтерлікті дамытып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосып қана қоймай, болашақ заңгерлерді әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелейміз», - деп атап өтті КАЗГЮУ Заң клиникасының директоры Эстер Бабаджанян. 


Автор:

М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Баспасөз қызметі

15 қыркүйек 2020 г. 444 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031