» » Қашықтықтан білім берудің мәні және оның әдістері

Қашықтықтан білім берудің мәні және оның әдістері

Қашықтықтан оқыту-бұл оқытушы мен білім алушы ақпараттық технологиялардың көмегімен ара қашықтықта өзара әрекеттесетін білім алу түрі. Қашықтықтан оқыту кезінде білім алушы өз бетінше әзірленген бағдарлама бойынша айналысады, вебинарлардың жазбаларын қарайды, тапсырмаларды шешеді, оқытушыдан онлайн-чатта кеңес алады және өз жұмысын тексеруге белгіленген мезгілдерге сай ұсынып отырады [1]. 

     Қашықтықтан білім беру технологиялары келесі түрлерді қамтиды: бейне-дәріс, онлайн-дәріс, мультимедиа-дәріс, телевизиялық дәріс; электрондық оқу басылымдары бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысы (электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалары, тренажерлер, ақпараттық-анықтамалық жүйелер), виртуалды зертханалық практикумы (имитациялық модельдер), компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар және электрондық пошта арқылы кеңес беру; өзге де телевизиялық, желілік және кейс-технологиялар, жобалау жұмысы [2]. 

Елде төтенше жағдай енгізілген жағдайда қашықтықтан сапалы оқытуды ұйымдастыру өте өзекті болып саналады. Еліміздің білім беру жүйесінің алдына үздіксіз білім беру үшін мүмкіндік жасау міндеті қойылған. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде білім алушыларға арналған түрлі білім беру платформалары бар, мысалы: Bilimland, Daryn Online, Kundelik, Platonus, Univer, Edupage,  BTS education, U-study, AGS. Бүгінгі күні "Zoom" стримингтік сервисі, "Coursera"ең ірі платформасы өз қызметтерін тегін ұсынды. Мұнан басқа Google Classroom, Hangouts, Kundelik, Moodle жүйелерін қолдануға болады. Bilimland өз контентінің 40 мың бірлігін тегін ұсынды.

Қазақстанның білім беру мекемелерінде негізінен бейнеконференция өткізу үшін келесі платформалар қолданылады: Zoom, Skype, Microsoft Teams, сондай-ақ WhatsApp және басқа да әлеуметтік желілерді оқушылармен жеке сабақтарда өзара іс-қимыл жасау үшін пайдалануға рұқсат етілген. "EL ARNA", "balapan" телеарналарында қазақ және орыс тілдерінде телекоммуникациялық желілер арқылы трансляция жүзеге асырылады.

Қашықтықтан оқыту кезінде қандай әдістерді қолдануға болады?

1) оқытушының және басқа да оқушылардың ең аз қатысуымен білім алушының білім беру ресурстарымен өзара іс-қимылы арқылы оқыту әдістері (өзін-өзі оқыту). Бұл әдістерді дамыту үшін әртүрлі құралдардың көмегімен білім беру ресурстары жасалатын мультимедиа тәсілі тән:

баспа, аудио -, бейнематериалдар және компьютерлік желілер арқылы жеткізілетін оқу материалдары, ол электронды университеттер үшін өте маңызды  Бұл, ең алдымен,:

- интерактивті деректер базасы;

- электрондық журналдар;

- компьютерлік оқыту бағдарламалары (электронды оқулықтар).

2) Жеке оқыту және оқу әдістері, оларға бір білім алушының бір оқытушымен немесе бір білім алушының басқа білім алушылармен өзара қарым-қатынасы тән ("бірге бір" оқыту). Бұл әдістер қашықтықтан білім беруде негізінен телефон, смартфон, электрондық пошта, WhatsApp, Тelegram сияқты технологиялар арқылы жүзеге асырылады,

3) Білім алушыларға оқытушы немесе сарапшы оқу материалын ұсыну негізінде қолданылатын әдістер, онда білім алушылар коммуникацияда белсенді рөл атқармайды ("бір адам көпті"оқыту).

Дәстүрлі білім беру жүйесіне тән бұл әдістер заманауи ақпараттық технологиялар базасында дамудың жаңа қарқынын алады. Мәселен, радио немесе теледидар арқылы оқылатын аудио немесе видеокассетаға жазылған дәрістер заманауи қашықтықтан білім беру үдерісінде "электрондық дәрістер" деп аталатын, яғни компьютерлік желілер арқылы Интернет көмегімен таратылатын дәріс материалдарымен толықтырылады.

4) оқу үдерісінің барлық қатысушылары арасындағы белсенді өзара әрекеттесуі тән әдістер ("көпшілік көпшілікті" оқыту). Бұл әдістердің мәні және оларды пайдалану қарқындылығы оқыту телекоммуникациялық технологияларының дамуымен айтарлықтай артады. Басқаша айтқанда, оқытушы мен білім алушылар арасында ғана емес, білім алушылардың өздері арасындағы интерактивті қарым-қатынас білім алудың маңызды көзіне айналады. 

Бұл әдістердің дамуы ұжымдық оқу дискуссиялары мен конферен-цияларын өткізумен байланысты. Аудио -, аудиографиялық және бейнекон-ференция технологиялары қашықтықтан білім беруде осындай әдістерді белсенді дамытуға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқитын университеттердің оқу үдерісінде компьютерлік конференциялар ерекше рөл атқарады, олар пікірталасқа қатысушылардың барлығына синхронды, сондай-ақ асинхронды режимде жазбаша хабар-ламалармен алмасуға мүмкіндік береді, мұның үлкен дидактикалық құн-дылығы бар, бірақ оларға бейнеконференцияға тән қарым-қатынас жасау  мүмкіндіктері жетіспейді.

  

Әдебиет:

https://finacademy.net/materials/article/chem-otlichaetsya-onlajn-obuchenie-ot-distantsionnogo-obucheniya.

«Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында COVID-19 короно-вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы». ҚР Білім және ғылым Министрі  А.Аймағам-бетовтың 01.04.2020 ж. № 123 бұйрығы.






Шитыбаев Серик Алтынбекұлы

"Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар" кафедрасының доценті, х.ғ.к.
24 сәуір 2020 г. 16 994 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 995 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 797 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930