Асқар Жұмаділдаев: Ағайындарға араша сұраймын!
Әлемдік ақпарат құралдары соңғы кездері Түркиядағы саяси жағдайлардың тым күрделеніп бара жатқанын жиі жазуда. Түбі бір түркі елдері үшін кейбір мәселелерде оның кері әсері де болмай қалып жатқан жоқ. Осы орайда, ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық әл-Хорезми сыйлығының лауреаты, белгілі қоғам қайраткері Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ еліміздегі бұрынғы қазақ-түрік лицейлері, бүгінгі «Білім» инновациялық мектептері мен халықаралық қазақ-түрік университеттерінде еңбек етіп жүрген түрік ұстаздарының болашақ тағдырына алаңдаушылық білдіруде. Себебі, 20-25 жылдан бері Қазақ топырағында тұрып, білім беріп келе жатқан ұстаздар мәжбүрлі түрде еліне қайтару қарсаңында тұр. Ал ол мамандардың еліне оралғанда, алдынан не күтіп тұрғанын ойласаңыз, құйқа теріңіз шымырлайды.
– Асқар аға, қазақ-түрік лицейлері жайлы пікіріңізді білеміз. Қазақстанда екі мектеп болса, соның бірі – қазақ-түрік лицейлері деп бағалаған едіңіз. Осы лицейлердің мұғалімдеріне қатысты соңғы кездері алып-қашпа әңгімелер көп. Дәл қазіргі уақытта Қазақстан тарапы осы жағдайға байланысты қандай әрекет етуі керек?
– Біздің отырған жеріміз Сүлеймен Демирел университеті деп аталады. Бұл – 1996 жылы ашылған. Мен университетке 2005 жылдары келдім. Сол кезде елуден астам түрік ұстазы болатын. Қазір осылардың 20-30-ы ғана қалды. Қалғанының барлығы саяси жағдайға байланысты жан-жаққа кетіп қалды. Бұл менің жүрегімді ауыртады. Менің түрік ағайындармен жұмыс істегеніме талай жыл болды. Олардан бір жаманшылық көргенім жоқ, жаман пиғылын да сезгенім жоқ. Біз сөйлескенде мұғалімдердің барлығымен математика, физика жайлы сөйлестік. Бір рет болсын не дін жайында, не саясат жайлы сөйлескеніміз жоқ. Мен бұлардан тек қана пайда көрдім. Ақылды, парасатты, еңбекқор жігіттер. Соңғы кезде бұларды «гүленші» деп айтып жүр. Сосын мен Гүлен деген кім екен деп, интернетті қарап көрдім. Сонда мынаны байқадым. Күні кеше елімізде Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті өтті. Бүкіл ислам әлемінің бірінші басшылығы Қазақстанға келіп, оны Елбасы қабылдап, арнайы сөз сөйледі. Елбасы өз сөзінде ислам әлемін ғылым мен технологияны терең игеруге, озық елдер қатарына ұмтылуға шақырды. Міне, мен осы бағытты қос қолдап қолдаймын. Әлгі Гүлен ақсақалдың пікірі де осыған саяды. Ол не дейді? «Исламның өркениетке қосқан үлесі зор. Ол белгілі. Алгебра, медицина, оптика ислам әлемінен шықты. Мұның бәрі қанша жыл бұрын болған. Неге осы күні мұсылманның баласы технологиялық жаңалық аша алмайды? Неге жаратылыстану саласында жетістікке жете алмайды? Біз діни схоластикадан бойымызды аулақ ұстап, физиканы, математиканы оқытуымыз керек». Осы пікірлерден қазаққа, біздің білім алып жатқан ұрпаққа тиер зиянын көріп тұрсыз ба? Бұл туралы мәселені кеше Елбасының өзі де, Өзбекстан Президенті Мирзиёев те айтты.
Осында жүрген түрік жігіттерге келетін болсақ, мен олардан тек қана жақсы әңгіме, жақсы ұмтылыс, жақсы көмек көрдім. Әсіресе, біздің балаларға арналған.
«Қазақстанда екі мықты мектеп болатын болса, оның бірі – физмат, екіншісі – қазақ-түрік лицейі» деген пікірді бүгін де қайталап айтамын. Жыл сайын дүниежүзілік олимпиадалар өтеді. Физика, математика, химия, биология, бағдарламалау саласы бойынша жыл сайын әр мемлекеттен 5-6 адамнан қатысады. Әлемдік деңгейдегі халықаралық олимпиада ол өте жоғары деңгей. Мен он бес жыл болды, сол олимпиаданың төрағасы болып келем. Сонда менің байқағаным, негізінен жыл сайын КТЛ мен физмат оқушылары жеңімпаз болады. Негізінен, ұтатын осы екі мектеп. ТМД елдерін алып қарасақ, олимпиададан бірінші орында орыстар, екінші орында украин, содан соң Қазақстан. Түркі тілдес мемлекеттер ішінде Қазақстан бірінші орында. Бір таңданарлығы, кейде Түркия бізден кейін қалып тұрады.
– Бұл қызық дерек екен. Неге деп ойлайсыз?
– Менің ойымша, түрік ағайындар біздің елде жақсы жетістікке жетеді. Өйткені, ол біздің бауырмалшылдығымыздың көрінісі. Біздің балалардың ақылдылығы. Екіншіден, түріктің біздің балаларға деген көзқарасының дұрыстығы. Түріктің менеджменті мен іскерлігі ұнайды. Көп адам бұларды саудада жүрді деп айтады. Ондайлар да бар, бірақ оларда негізінен ғалымдар мықты. Көбі шетте жүр. Мұғалімдері, педагогикасы мықты. Бір риза болатыным, көптеген қазақтың ғалым жігіттерінің жұмыс істеуіне жағдай жасады. Тағы екі-үш жігітті мысалға келтірейін, Астанада Муамер Гүл деген жігіт бар. Бұрын Ақтөбеде істеген. Жүрген жерінде ылғи жеңімпаздар шығарып жүрді. Гарвардқа түскен бірінші қазақ – осы Муамер Гүлдің оқушысы. Бүкіл ғылыми байқауларда ұтқандар осы Муамер Гүлдің балалары. Мен кезінде айтып едім, егер Ақтөбенің әкімі «Құрметті азамат» атағын беретін болса, бірінші осы Муамер Гүлге беру керек. Өйткені, оның Ақтөбе өңіріне сіңірген еңбегі ересен.
Тағы да Байрам Кенже дейтін биолог азамат бар. Ол да қазір мәжбүрліктен шетелге кетіпті. Биологиядан шыққан жеңімпаздардың барлығын сол дайындады. Ал Фатих Шахин деген математик қаншама жеңімпаздар шығарды. Исмайл Гезен деген информатика пәнінің мықты мұғалімі бар. Сонда ойлап қарасаңыз, бұлардың барлығы математик, физик, биолог, программист мамандар. Осы жігіттер Қазақстанға 90 жылдары келді. 20-23 жастағы жас жігіттер ғой. Айтпақшы, осылардың жартысы Қазақстанда оқыған. 1993-95 жылдары Түркиядан көп студенттер келген осында. Солардың біразы Қазақстанда оқыды. Кейбірі елде қалды, кейбірі қайтып кетті. Мен білетін 23 жігіттің, Құдай біледі, жартысы Қазақстанда оқыған. Қазақшасы керемет. Бұлардың құжаты бөлек демесеңіз, қазаққа сіңіп кеткен. Олардың бала-шағасы да осында, қазақша жақсы сөйлейді. Кезінде Қазақстанға немістер, гректер, шешендер, украиндер, кәрістер, ұйғырлар түрлі жағдайлармен жер ауып келді ғой. Соның бәрін қазақтар бауырына басты. Ал енді қазір айналдырған 20-30 түрік бауырымыз бар екен, неге соған қазақ арашашы бола алмайды?.. Жалпы, адами тұрғыдан да келгенде де біздің толық құқымыз бар. Түрік өкіметінің өтінішіне Елбасы өте көрегендік танытты. Қайсыбір елдер секілді лицейлердің тамырына балта шапсақ, елдігімізге сын болар еді. Енді сол лицейлерде білім беріп жүрген түрік бауырларға араша болмасақ, еліне оралған соң олардың болашақ тағдыры қалай болады? Босқындар келсе, «үй бер, квота бер» деп сұрайды ғой. Бұлар ештеңе сұрап отырған жоқ. Тек қана визасын ұзартуға созуға қолұшын берсек… Олардың Қазақстанда тұрғанына 20-25 жыл болды. Жыл сайын ұзартылатын визаны биылдан бастап тоқтатыпты. Еліне барса, түрмеге қамайды. Менің білетінім – бұлардың саясатқа, дінге қатысы жоқ. Керісінше, өз ішіміздегі түрлі діни секталарды тыйып алсақ та жетер еді.
– Кешегі жиында Ердоған ғылымға, білімге көңіл бөлуіміз керек деп сөз сөйледі. Бүгінгі Түркиядағы жағдай, оның ішінде мұғалімдердің сотталуы, ұстаздық ету лицензиясынан айырылуы, жүздеген жаратылыстану бағытындағы лицейлердің, ЖОО жабылуы, сонымен қатар Түркияда ғана емес, шетелдерде, соның ішінде ислам елдеріндегі түрік мектептерінің жабылуын қалай түсінуге болады? Сөз бен істің қайшылығының көрінісі емес пе?
– Қарама-қайшылық бар, бірақ мен бұл тақырыпты қозғағым келіп тұрған жоқ. Өйткені, мен Ердоған мырзаны құрметтеймін. Біздің бауырлас елдің басшысы. Екі елдің экономикалық өсуіне ол кісінің бірталай еңбегі сіңді. Бірақ Фетхуллах Гүлен мен Ердоғанның арасындағы кикілжің – түріктердің өз арасындағы мәселе. Саясаткерлердің арасында ондай кикілжіңдер болады. «Мәңгілік достық» деген жоқ, мүдделер ғана болады. Тарихта Ербақан деген кісі болған. Ербақан алғаш Қазақстанға келгенде қарсы алғандардың ішінде мен де болғам. Сол кезде 30-40 адаммен осында келіп, банк ашайық, бизнес жасайық деді. Сол кездері Ердоған Ербақанның жанында жүрді, сол кісінің шәкірті екен. Ал қазір ше? Саясаткерлер біресе араздасады, біресе татуласады. Одан қарапайым халық жапа шекпеу керек қой.
Түркияның талай президентімен қол алыстым, бірақ табақтас болдым деп айта алмаймын. Тұрғыт Өзал келді, Сүлеймен Демирел келді. Елдік мәселеде тәуір әңгімелер айтатын. Демирелдің есімін осы университетке беруде үлкен қолдау жасаған – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы.
Мен түріктің саясаты туралы әңгіме айтқым келмейді, оның маған керегі жоқ. Қазақ топырағында кім жүрген жоқ, америкалық та, француз да, неміс те, қытай да, шүршіт те жүр. Неге осылай қызмет қылмайды? Қазір студенттер арасында ең танымалы — СДУ. Неге біз осыны мойындамаймыз?
Барлық жағынан да, адами тұрғыдан да біз түрік бауырларға араша түсуіміз керек. Әсіресе, менің Елбасыға айтар өтінішім бар. Елбасының сарабдал саясаткер, үлкен дипломат, маманданған саясаттың гроссмейстері екендігін жұрттың бәрі мойындайды. Талай қырқысқан Ердоған мен Путинді де татуластырды. Сондықтан еліміздегі білім ордаларында қызмет етіп жүрген оқытушылардың тағдырына сәуле түсіретін жалғыз тұлға – Елбасы!
Бұл мұғалімдердің бәрі мықты мамандар. Меніңше, прагматикалық тұрғыдан келетін болсаңыз да, олардың жүргені бізге пайдалы. Кезінде ойдан-қырдан қашқанның бәрі осында келді ғой. Жөйт те, кәріс те, соның бәріне біздің ел пана болды. Ортасында қанша жылдан бері жүрмін, түрік мұғалімдер ешкімге «таза тақуа бол, дін ұстан» деп жатқан жоқ. Ал сол мұғалімдерді біз жіберсек, олар өзге шетелге барып босқын болады, өз елі түрмеге қамайды. Қазақ зиялыларын «жапон тыңшысы» деп қудалады ғой. Олардың біреуі жапонды көрмеуі мүмкін. Олардың айыбы – жапонды үлгі тұтуға болады деп мақтаған. Бұлардың тірлігі соған ұқсас. О заман келмеске кетті ғой, ал осындай заманда ағартушыны, ұстазды қудалау деген миыма сияр емес. Қаншама ғылыми жоба жарысы жүзеге асуда, ал ұстазынан көз жазған шәкірттің күйі не болады? Еліміздегі үштілділік жобасының жемісі де сол лицейлер.
– «Қазақ Елі өз Тәуелсіздігін жариялағанда, бір сағатқа жетпей алғаш дербестігімізді мойындаған – Түркия» деп жиі айтамыз. Ол рас та. Бірақ Түркия басшысының лицейлерге байланысты біздің билік баспалдақтарына айтқан өтініштері дөрекілеу көрінбей ме?
– Мәселе сонда. Оған біздің Елбасымыз асқан парасаттылық танытты. Мектептер қалды, бірақ мамандардың да тағдырына немқұрайды қарамауымыз керек қой. «Дүние – кезек» дейді. Кезінде Қазақстан алғаш Тәуелсіздігін жариялағанда, Түркия бізге үлкен көмек көрсетті. 93 жылдардағы жылуы мен жарығы жоқ Қазақстанды білетін шығарсыз. Қиын-қыстау кезеңде келіп, бұлар қазақ балаларына білім бере бастады. Енді түрік бауырлардың басына күн туып тұр. Адамгершілік пен туысқандыққа салсақ кезек – Қазақтікі…
— Сұхбатыңызға рахмет!
Бауыржан СЕРІКҰЛЫ. Қазақ әдебиеті
"Елана" сайтынан алынды