» » "Үздік пресс-релиз" республикалық конкурсы

"Үздік пресс-релиз" республикалық конкурсы

«Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы және «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігі «Үздік пресс-релиз» республикалық конкурсына мақалалар қабылдайтындығын хабарлайды.

Білім мекемелерінің баспасөз-хатшыларының, педагогтар мен тәрбиешілердің материалдары «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.

Білім мекемелерінен келген пресс-релиздерде мекемеде өткен іс-шаралар баяндалуы керек, фото қосымша жіберілуі тиіс. Республикалық конкурсқа тек білім мекемелерінде (университет, колледж, лицей, балабақша) қызмет атқаратын педагогтар ғана қатыса алады.
Пресс-релизге қойылатын талаптар: қысқа әрі нұсқа текст, бір беттен аспауы тиіс, пресс-релизде көрсетілген іс-шараның өткен уақыты 3 күннен аспауы тиіс, ескі пресс-релиздер қабылданбайды.

Аталған айдарға жұмыстары енген ұстаздарға комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беру көзделген.

Конкурстың ережесімен «EDUNEWS.KZ» ақпарат агенттігінің сайтында танысуға болады.

Редакция телефоны: 8-747-555-90-60 (What’s App),

E-mail: edunews.kz@mail.ru.

Конкурс мерзімі: 2018 жылдың соңына дейін, ай сайын.


 

ЕРЕЖЕ

"Үздік пресс-релиз" республикалық конкурсының ережесі

 

Осы Ережемен «Үздік пресс-релиз» республикалық конкурсын өткізу, ұйымдастыру және тәртібі бекітіледі.

Ережеге сәйкес педагогтар мен тәрбиешілердің, білім мекемелері баспасөз-хатшыларының пресс-релиздері «EDUNEWS.KZ» ақпараттық агенттігінің ресми сайтына жарияланады. 

Материалдың жарияланғандығы туралы куәлік авторға электронды форматты жіберіледі.

Конкурс педагог-қызметкердердің, тәрбиешілердің еңбектерін БАҚ-на жариялау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, білім мекемелерінде қызмет ететін баспасөз хатшыларының, сондай-ақ, білім мемекелерінде БАҚ-пен жұмыс істейтін педагог-қызметкерлердің белсенділігін арттыру үшін, білім саласында медиа-менеджментті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады.

Конкурс комиссиясының мақсаты – педагогтардың үздік баспасөз мәліметтерін анықтау болып табылады. 

Конкурстың жеңімпаздары комиссия шешімімен анықталады (1,2,3 орындар).

2018 жылдың соңына дейін белсенді баспасөз хатшыларына арнайы номинациялар тағайындалады.

Конкурсқа қатысушыларға келесі талаптар қойылады:

Конкурсқа қатысу үшін педагогтар өздерінің пресс-релиздерін edunews.kz@mail.ru электрондық жәшігіне «Конкурсқа қатысу үшін» деп белгіленіп, жіберілу керек. Пресс-релизбен бірге іс-шараның фотолары бірге бекітілуі тиіс.

Конкурс бойынша пресс-релиздері жарияланған педагогтар міндетті түрде өз мақалаларымен әлеуметтік желіде бөлісуі тиіс.

Республикалық конкурстың жеңімпаздарына комиссия шешімімен «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы атынан диплом беру көзделген.

31 наурыз 2018 г. 4 030 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 207 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031