Нұрмағамедовтың әрекетін сынға алған Томирис Байсафаның анасы жантебірентерлік жазба қалдырды
Мәскеудің бетке ұстар университеттерінің бірінде оқып жүріп, ЖОО-ны ғимаратынң терезесінен құлап көз жұмған қазақстандық Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова желідегі парақшасында кешегі «Хабиб Нұрмағамедов пен Конор Макгрегордың» жекпе-жегінен кейін болған жанжалға қатысты жазба қалдырды, деп жазады Edunews.kz Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Жанна Ахметова жылдың күткен жекпе-жегін және содан кейін туған даудың қалай талқыланғанына тоқталып, Дағыстан азаматы Меджитовты қызының өліміне кінәлады.
«Кешегі айқасты кімнің жеңімпаз атанғанын жақсы білеміз. Қыз ретінде мен оны танымаймын да. Бірақ, мен Макгрегордің жанкүйерімін. Жеңімпаздың жекпе-жектен кейінгі әрекеті оларды соншалықты сипаттайды… Әрине, жеңімпаз енді Макгрегор андай, ол мұндай дейді. Сен ересек адамсың. Сені бүкіл әлемге көрсетеді және сен енді чемпионсың. Егер дағыстандық бүкіл әлемнің алдында осындай қарапайым жағдайда өзін тәрбиелі адам секілді ұстай алмаса, мен Меджидов сенің өзіңді қалай ұстайтыныңды елестеріп отырмын. Және сенің сол аудиторияда не істегеніңді бір Құдай ғана біледі, себебі одан кейін менің балам көз жұмды. Сен менің қызымның айырылысу туралы айтқан сөздерін қалай қабылдадың, сені ашу-ыза кернеді ме?
Мен сені қатты жек көремін. Бұл жазғанымды оқып отырғаныңды және кешегі айқасты да қарағаныңды, кімге жанкүйер болғаныңды да білемін. Бірақ, Аллам бәрін өз орнына қойды деп сенемін. Және сенің өмірің бір күні тас тас-талқан болады. Сенің өмірің менің, отбасымның көзінен аққан, Томпиді ауадай қажет ететін сіңілісінің көзінен аққан жасқа батады. Қазір Томпидің кішкентай сіңілісі соқыр мысық секілді өмір сүреді … Ол жалғыз болуды қалаған жоқ, ол үйдің кенжесі және сен оңбаған оны бұдан айырдың»,- деді Жанна Ахметова.
Айта кетейік, Томирис Байсафаның анасы тергеу барысында өзінен және қызының достарынан жауап алынып жатқанын мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, достарының бәрі бірауыздан Томиристің суицид жасауы мүмкін емес екенін жазып берген.