» » Талдықорғанда бүлдіршін балабақшадан үйіне қайтып келген соң шетінеп кетті

Талдықорғанда бүлдіршін балабақшадан үйіне қайтып келген соң шетінеп кетті

Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде қайғылы жағдай болды. Мектепке дейінгі мекеменің бір тәрбиеленушісі шетінеп, тағы бірі ауыр хәлде ауруханада жатыр, бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

 Бүлдіршіндердің аяқ асты басы айналып, жүрегі айнып құлаған. Тәрбиешілер бастапқыда олардың ата-аналарын күтіпті. Ал ауруханаға алып барғанда тым кеш болған. Осы оқиғадан кейін ата-аналардан маза кетті. Көбі ұл-қыздарын үйден ешқайда шығармай отыр.

Қайғылы оқиға Талдықорғандағы нөмірі бірінші балабақшада болды. Құлдыраңдап шауып жүрген құлықшақтардан түс ауа маза кеткен. Бұны тәрбиешілер де байқапты. Бірақ жедел жәрдем шақырмаған. Кешке дейін ата-ананы күтіпті.

“Демалысқа жатқызғаннан кейін сағат екі жарымда температурасы көтеріледі. Маған медсестра келіп температурасы көтерілді деп айтты. Мамасына қайта-қайта звондап едік телефонына жауап бермеді. Кешке анасы келді. Бәрін айтып едік нөмірімді ауыстырдым деп кешірім сұрады”, – дейді № 1 балабақшаның меңгерушісі Марина Мәмбетова.

Жасы төртке де толмаған ұл баланы анасы да үйге апарып өзі емдемек болған. Одан жағдай өзгермейді. Ал түнгі үштер шамасында аураханаға жеткізеді. Бірақ  жарты сағатта бала шетінеп кеткен. Ауруы асқынып түскен екінші бүлдіршінге дәрігерлер барлық ем-домды жасап жатыр.

“Бұл бала 29 күні қызуы көтеріліп, басы ауырып, жүрегі айнып түскен. Менингит деген диагноз қойылды. Барлық емді жасап жатырмыз. Қазір жағдайы орташа”, – дейді дәрігер Олег Ким.

Алматы облысының орталығындағы мемлекеттік балабақшада болған бұл оқиға талдықорғандық ата-аналарды алаңдатып отыр. Нөмірі бірінші мектепке дейінгі мекемеге бұған дейін 265 бала барып жүрсе, бүгінде оның тек 35-сі қалған. Алайда қалалық білім басқармасы дүрлігуге себеп жоқ деп отыр. Олар бір тәрбиеленушісі қайтыс болып, енді бірі ауруханада жатқан балабақшаға тексеріс жүргізіп, ешқандай кінәрат таппапты.

19 шілде 2017 г. 16 358 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 156 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 593 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031