» » Тәртіп бұзған Төреғали үшін әуежай қызметкерлері 200 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Тәртіп бұзған Төреғали үшін әуежай қызметкерлері 200 мың теңге айыппұл төлейтін болды

 Билеті жоқ адамның әуежайдың ұшу аймағына рұқсатсыз өткені үшін әуежай қызметкерлері 200 мың теңгеге жуық айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған  ақпаратқа сәйкес, рұқсаты жоқ жолаушының  ұшу зонасына кіруіне байланысты комитет жоспардан тыс тексеріс жүргізген болатын.

 «Аталған тексеру нәтижесінде ҚР ӘқбК 570-бабының 1-бөлімімен Алматы халықаралық әуежайының авиация қауіпсіздігі бөлімі инспекторы Рақымгереев Ринат, Қырғызбаев Абылай,  Закирова Шолпан, «Эйр Астана»компаниясы жолаушыларға қызмет көрсету агенті Абдрахипова Карина жауапкершілікке тартылды. Олардың әрқайсысы 20  АЕК мөлшерінде (48100 тг), жалпы алғанда 192000 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды» делінген жазбада.

 Айта кету керек,  қыркүйектің 14 күні Алматы-Гонконг бағытындағы рейсте төтенше оқиға орын алған. Билеті жоқ ер адам ұшақ бортына  өтіп кеткен. Кейін ол адамның өзінің отбасын шығарып салмақ болған әнші Төреғали Төреали екені анықталды. Төтенше жағдайға байланысты рейс 18 минутқа кешіктірілді.


08 қазан 2018 г. 8 489 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 18 460 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 956 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031