» » Хиджаб киген оқушылардың ата-аналары жанжал шығарған үшін қамауға алынды

Хиджаб киген оқушылардың ата-аналары жанжал шығарған үшін қамауға алынды

 Ата-аналар хиджаб киіп келген балаларын мектепке кіргізбей қойғаны үшін жанжал шығарған. Кейін олар осы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бірнеше тәулікке қамалды, деп хабарлайды Sputnik Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, осы уақытқа дейін балаларын мектепке орамалмен жіберген ата-аналарға бірнеше мәрте ескерту жасалып, тіпті, олар айыппұл төлеуге міндеттелген.

"Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан, бұл еш нәтиже бермей отыр. Ата-аналар балаларын мектепке кіргізбей қойғаны үшін жанжал шығарған. Сол үшін мектеп әкімшілігі полиция шақырған. Осының салдарынан оқушылар мектепке бармай, екінші жылға қалды", — деді баспасөз қызметіндегілер.

Полиция қызметкерлері "Қоғамдық тәртіпті бұзу" бабы бойынша үш ер адамның үстінен хаттама жазды. Дәлірек айтсақ, құқық бұзған екі ата-ана үш тәулікке, тағы бір ата-ана бес тәулікке қамалды.

20 қыркүйек 2018 г. 1 773 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 307 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 913 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930