» » Туа сала баласын терезеден лақтырған ананың видеосы казнетті шулатты (ВИДЕО)

Туа сала баласын терезеден лақтырған ананың видеосы казнетті шулатты (ВИДЕО)

Таиланд елінің Самутпракан қаласында бойжеткен қыз үйінде босана сала шаранасын өзі тұрып жатқан үйдің бесінші қабатынан лақтырып жіберген.

Сәбидің шырылдаған дауысын көршілері естіпті. Олар жүгіріп шығып қараса, банан өсіп тұрған ағаштың жанында жерде шарана жатқан, – деп жазады Daily Mail.

Дүниеге келгеніне бірнеше сағат болған нәресте бесінші қабаттың балконынан ағаштар өсіп тұрған баққа лақтырылған. Періштесі қаққан нәресте банан жапырағына құлап, тіпті еш жарақат алмаған, тек денесінде аздаған сызат бар және құмырсқа мен маса шағып тастапты.

“Жердегі бананның үйілген жапырағының үстінеде құлаған шарананы тауып алдық”, – дейді тұрғындар.

Полицейліктер тексере келе, нәрестені жас бойжеткен қыздың лақтырғанын анықтады. Ол қыздыкөршілері жүкті кезінде көрген екен. Енді ол қызды іздестіріп жатыр.

Ал аман қалған ер бала қазір ауруханада. Дәрігерлер оның денсаулығы қалыпты екенін айтады.


Дереккөз: qazbrand.info
10 қазан 2018 г. 27 017 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 760 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930