» » Оқушы үздік бағаға оқыған сыныптасын қызғанып,оған у берген

Оқушы үздік бағаға оқыған сыныптасын қызғанып,оған у берген

 Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында оқитын 13 жасар оқушы қыз сыныптасына масаға қарсы дәрі беріп улады. Ол өзінен жоғары баға алғанын қызғанған.Бұл туралы шетелдік Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

 Құрбысының емтиханды әлдеқайда сәтті тапсырғанын білген соң, оқушы қыз оның бөтелкесіне жәндіктерге қарсы токсинді зат қосып жіберген. Арада біраз уақыт өткен соң уланып қалған жасөспірімнің жүрегі айнып, ата-анасы оны ауруханаға жеткізді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты.

Ал сыныптасын өлтірмек болған қыз сол уды өзі де ішіп, суицид жасамақ болған. Қос қыз бір ауруханада жатыр.

Қазіргі уақытта полиция аталған іс бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жасөспірім қыздың сыныптасының бөтелкесіне токсинді зат құйып жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

26 тамыз 2017 г. 3 934 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 802 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930