» » Ақмоладағы білім саласында МЖӘ шеңберінде 27 жоба жүзеге асырылуда

Ақмоладағы білім саласында МЖӘ шеңберінде 27 жоба жүзеге асырылуда

 Ақмола облысында білім саласы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жалпы құны 792 миллион теңгенің инвестициясы бойынша 27 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды "Edunews.kz" AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Бурабай ауданында ҚР Парламенті Сенатының Əлеуметтік мəдени даму жəне ғылым комитетінің білім және денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша көшпелі отырысы өтті. Шараға Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин және Сенат депутаттары мен комитет мүшелері қатысты.

Аймақ басшысының мәліметінше, өңірде білім саласы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жалпы құны 792 миллион теңгенің инвестициясы бойынша 27 жоба жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Ерейментау ауданында екі балабақша ашу, ал Жарқайың ауданында «Солнышко» балабақшасын сеніммен басқаруға беру жоспарда бар.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Көкшетау, Атбасар және Степногорск қалаларында диализ орталықтарын ашу жоспарда бар. Сенат депутаттары еліміздің өзге өңірлерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы мәліметтермен бөлісті. Әсіресе, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туралы айты.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің өңірлік орталығы әлеуметтік сала, экономика және бюджетті жоспарлау саласының басшыларының Сенат депутаттары мен комитет мүшелерінің сауалына жауап берді.

«Өңірде атқарылып жатқан жұмыстар нақты сандармен көрсетілгендігі қуантады. Түйіткілді мәселені шешу үшін бюджеттен қаржы қарастырылған», - деді сенатор Серік Бектұрғанов.

Жалпы, сенаторлар Мемлекет басшысының міндеттерінің өңірде жүзеге асырылуы барысына оң бағасын берді.  




14 қазан 2018 г. 1 445 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 11 938 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031