» » Мектеп директорының оқушыларға жазған хаты

Мектеп директорының оқушыларға жазған хаты

 Естімеген елде көп. Сингапурдағы мектептің директоры оқушыларға маңызды емтихан жайында хат жазды. Қайырымды да дана директордың бұл хатын әлемдегі барлық бала тәрбиелеп отырған ата-аналар оқуы тиіс. 
 Хаттың мазмұны мынадай: "Қымбатты ата-аналар! Балаларыңызға жақында емтихан басталады. Олардың емтиханды ойдағыдай тапсыруына алаңдаушылық білдіріп отырғандарыңызды жақсы түсінем.  Алайда, мына нәрсені біліңіздер: емтихан тапсырушы оқушылардың арасында математиканы толық түсінбейтін суретші болады. Сол секілді ағылшын әдебиеті мен тарихты онша маңызды санамайтындары да табылады. Химияны ұқпайтын музыкант та. Тіпті, физикадан гөрі дене  шынықтыруды артық көретін спортшы да.  Егер балаңыз жақсы баға алса, жақсы әрине. Бірақ, олай болмай қалса оның өзіне деген сенімін жоғалтпаңыз.  Оған бәрі дұрыс, бұл жай ғана емтихан екендігін айтыңыз. Олар бұдан маңызды нәрселер үшін жаратылған. Сонымен бірге балаңыз қандай баға алса да оны жақсы көре беретініңізді жеткізіңіз.  Сіздерге үлкен өтініш, осы айтқанымды істеңіздер, содан кейін оларды қалай жетістікке жеткенін көресіздер. Бір емтихан немесе нашар баға олардың таланты мен арманына тұсау сала алмайды.  Тағы айтарым, дәрігерлер мен инженерлерді жер шарындағы ең бақытты адам санамаңыздар. Сіздерге деген үлкен құрметпен, мектеп директоры..."
13 қыркүйек 2017 г. 7 781 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 008 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 801 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930