» » ҰБТ: Математикаға қалай дайындалу керек? (ұстаздар кеңесі)

ҰБТ: Математикаға қалай дайындалу керек? (ұстаздар кеңесі)

Математика–ғылымдардың патшасы.Емтихан кезінде математикадан сүрінетіндер көп. Математиканы бәрі бірдей түсініп, қабылдай бермейді. Ең қиын пәндердің қатарына да жатқызып қояды. ҰБТ кезінде негізгі пәндердің қатарына енетін бұл сабаққа дайындық жұмыстарын қалай жүргізу керек? Сіздерге математика пәні ұстаздарының кеңесін ұсынбақпыз: 
•Математиканы ортасынан бастап түсіну қиын. Сондықтан, 5-сыныптан бастап оқыған жөн. 
•ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныпқа көшуді күтпей бастаған дұрыс. Оқушы әркез өзінің әлсіз тұсын жақсы біледі. Бірақ, онымен жұмыстанбайды.  Егер математика қиындық тудырса, онда дайындықты бүгіннен баста.
 •А деңгейіндегі есептерді игере алатындай болсаң, бірден В және С деңгейіне ауыс. Уақытыңды жоғалтпа. • Күніне 1 сағатыңды математикаға арна.
 •Арнайы «Шың» кітаптар, оқулықтар және есептер жинағын қолдан. Логикалық есептерді шығар. Уақыт үнемдеудің жолдарын қарастыр.
 •ҰБТ – стратегиялық емтихан. Сенің біліміңмен қатар, қабілетің, дағдыларың сынға алынады. 
•Мүмкідігің болса, арнайы оқу курстарына жазыл. Тегін оқыған мен ақылы оқудың айырмасы болады. 
•Егер сабақ барысында есептер қиындық тудырса, тақтаға шық. Неғұрлым тақтаға жиі шығып, есеп шығарсаң соғұрлым есептерді түсінесің әрі есіңде сақтайсың.
 •Қателесуден қорықпа. Қателіктер есептің шығарылу жолын түсінуге көмектеседі. 
•Математика уақытпен санаспайды. Егер дайындалуға мүмкіндігіңді жіберіп алсаң, емтиханнан сүрінуің әбден мүмкін. 
•Математиканы барлық сала керек етеді. Одан құтылудың жолын іздегенше, онымен жолдас болудың амалын қарастыр. 
•Математиканы бар ынтаңмен оқысаң ғана түсінесің.
Дереккөз:
Массагет порталы.
31 тамыз 2017 г. 63 835 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 156 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 593 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031