Білім және ғылым министрлігі жариялаған байқауға өтініш қабылдау басталды
Білім және ғылым министрлігі жариялаған байқауға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.
«EduTech» білім беру жобасының старт-апы іске қосылады. Енді білім саласындағы тың идеялар мен жаңа жобалар қолдау таппақ. Осы орайда ҚР Білім және ғылым министрлігі білім технологияларын анықтайтын байқау өткізеді. Республикалық білім бәсекесін ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Болашақ» Қауымдастығы қолдайды. Байқауға өтініштер қабылдау басталды. Ал, нәтижесі 22 тамыз Республикалық педагогикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында белгілі болады, деп мәлім етті ortcom.kz
«Байқау арқылы білім саласындағы стартап жобалардың жарыққа шығуға мүмкіндігі бар. Конкурс негізінде үздіктер анықталатын болады. 11 тамызға дейін конкурстың финалистерін жариялаймыз», - деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Тынышбайұлы ОКҚ-да өткен баспасөз-конференцияда.