» » Саналы ұрпақ тәрбиелеудегі жаңашыл бастамалар

Саналы ұрпақ тәрбиелеудегі жаңашыл бастамалар

 Қазіргі әлемде білімге деген көзқарас балалар өмір сүріп, өсіп жатқан, жылдам өзгеріп отыратын болмыспен бірге өзгеруде. Білімді баланың туған сәтінен бастап өмір бойы жалғасатын процесс ретінде қарау білім беру процесін ұйымдастырудың икемді стандарттарын қабылдауды қажет етеді. Балалар көп уақытын білім беру ұйымдарында өткізеді, бұл балалардың мәдени және этникалық әртүрлілікке құрмет көрсетілетін үйлесімді, мейірімді, дамытушы, инклюзивті, әділ ортада балалық шағын өткізуі үшін тиісті жағдайлар жасаудың маңыздылығын түсінуге әкеледі.

Мектепке дейінгі кезең – мектепке дайындық сатысы, баланың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту кезеңі. Осыған байланысты Көкшетау қаласында мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі балалар санының өсуі байқалады. Балаларды қамту - 2 жастан 6 жасқа дейін 73,8%, 3 жастан 6 жасқа дейін 100% құрап отыр.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілердің эмоционалды жайлылығын, жан-жақты және толыққанды дамуын, балалардың бірлескен қызмет түрлері мен қатысушыларын таңдауын, ойын аймақтарының жабдықталуын, қолжетімділігін, өзгермелілігін мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі ұйымдарда барлық жағдайлар жасалған.

Білім беру сапасы мен білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру жылдан жылға қаланың білім беру саясатының жетекші басымдықтары болып қала береді.

Қазірдің өзінде жаңа білім беру форматын енгізуге бағытталған мектептердің басқару командаларын трансформациялауды бастау қажет. Мектеп тек стандартты мектеп пәндерін ғана емес, сонымен қатар білім мен үлкен ақпарат ағынын қалай қолдануға болатындығын, сыни тұрғыдан ойлауға, топта жұмыс істеуге, пәнді таңдау бойынша негізгі білім беруге үйретуі керек.

 2022 жылдан бастап қала мектептері оқу кезеңдерінен өтіп, «Ұлттық ұстаз» онлайн-академиясымен ынтымақтастықта жұмыс жасауда. Консалтингтік кездесулер барысында болашақ мектептері анықталды. Атап айтар айтқанда IT-бағыт, ІТ лицей -цифрлық мектебі, №2 КЖББМ,  № 5 МГ- зерттеу мектебі,  №18 МЛ, №2 МЛ -инженерлік (техникалық) мектебі - №4 ЖББМ, №1 МГ - техникалық лицей, кәсіптік бағдарлау мектебі, №2 МЛ-экономикалық мектебі, №3 МГ -STEAM бағыт, № 13 ЭМГ, №21 МЛ - жасыл мектеп, №21 МЛ,– №17 МГ - экологиялық-технологиялық мектебі,– №19 ЖББМ- инклюзивті мектебі деп алға даму бағытын таңдап отыр.

Орта білім беру ұйымдарында кітап оқудың беделін арттыру жөніндегі жалпыұлттық міндет шеңберінде 2021-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы іске асырылуда. Соңғы жылдары мектеп кітапханаларының негізгі қоры 10948 данаға көбейді. Мектептерде жайлы кітап оқу аймақтары жасалып, коворкинг (coworking) орталықтары ашылуда.

2023 жылы педагогтер арасында кітап оқуды насихаттау және мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мен тәжірибе алмасу мақсатында білім бөлімі телеграмм-арнада «Ақылды кітап» оқырмандар клубын құрды.

Қаланың білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларды зияткерлік сайыстарға тартуға басымдық берілді. Жылдан жылға әр түрлі деңгейдегі байқаулардың жаңа жеңімпаздары шығып, Көкшетау қаласындағы дарынды оқушылардың деректер банкіне енгізіліп, олармен мұғалімдер жұмыс істейтін болады.

2022 жылы Көкшетау қаласының мектептерінен 22 оқушы республикалық зияткерлік олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды, оның ішінде:

– Республикалық пәндік олимпиадада 11 оқушы жеңімпаз атанса, 2021 жылы 2 ғана жеңімпаз болды.

- 2 оқушы «Абай оқулары» республикалық байқауының жүлдегерлері.

– 9 оқушы ғылыми-шығармашылық байқаулардың жеңімпазы атанып, 2021 жылы 3 ғана жеңімпаз болды. Өткен жылмен салыстырғанда жүлдегерлер саны 17 оқушыға артқандығын көруге болады.

Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша Көкшетау қаласының оқушылар командасы гуманитарлық бағыт бойынша 1-ші және жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 2-ші орынға ие болды.

         2022 жылы айрықша көрсеткіші - үздік 100 олимпиада мектебінің қатарына енген Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегері № 1 мектеп – гимназиясын атап өткен жөн, ал С.Жүнісов атындағы №18 МЛ «Ақмола облысының үздік білім беру ұйымы» Ақмола облысы әкімінің грантының иегері атанды.

          2022 жылы білім беру ұйымдарында STEM білім беруді дамыту жұмыстары жалғасуда, жеті жалпы білім беретін мектептерге STEM кабинеттері сатып алынды. Күзгі каникул кезінде STEM білім беру бойынша алғашқы мектепішілік жарыстар өткізілді.

 Робототехника бағытында қала мектептерінің оқушылары облыстық және республикалық деңгейлерде жүлделі орындарға ие болуда. Қалада робототехниканы дамыту бойынша тірек білім беру ұйымдары анықталды: мектепке дейінгі және бастауыш буын (техникалық шығармашылық орталығы); орта буын – 5-8 сыныптар (№6 МЛ); жоғары буын 9-11 сыныптар (әл – Фараби атындағы ІТ-лицейі).

2022 жылы Қостанай және Павлодар қалаларының білім бөлімдерімен дарынды балалармен жұмыс жасау және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ынтымақтастық меморандумы жасалды.

Соңғы жылдары біздің қалада инклюзивті саясат айтарлықтай жоғары қарқынмен енгізілуде, өйткені ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар, әсіресе аутистикалық бұзылулары бар балалар саны жыл сайын артып келеді. 2021 жылдан бастап №4 ЖББМ жанынан инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, ағымдағы жылы «№ 21 мектеп-лицейі» және «№ 14 жалпы білім беретін мектебі» базаларында осындай кабинеттер ашу жоспарлануда.

Білім берудің дамуы мен сапасын анықтайтын негізгі тұлға-мұғалім. Ұжымда қарым-қатынасты қалыптастыруда бағыт-бағдар беретін де педагог. Ол өз шәкірттеріне үлгі болуы, адамгершілік мұраты жоғары болуы керек.

        Бүгінгі таңда қаламыздың білім беру ұйымдарында 3259 педагог еңбек етеді, олардың 50%-ның  педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы  біліктілік санаты бар. Бұл ұстаздардың  тынымсыз шығармашылық ізденіс үстінде екенінің, балаларға, өз кәсібіне деген шексіз сүйіспеншілігінің айқын дәлелі. Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының өткен оқу жылында қалалық турына 35 мұғалім қатысып, оның 80 пайызы облыстық кезеңіне жолдама алды. Ал республикалық деңгейде .....

         Қала педагогтері оқу үдерісінде халықаралық ынтымақтастық аясында енгізілген инновациялық нысандарды тиімді  қолданады. Мәселен, №1 МГ, №5 МГ Таңдау неміс тілі бойынша «Мектеп: болашақ серіктестер» атты халықаралық білім беру жобасы (PASCH, Германия) № 2 мектеп-лицейі  (Ресей, Санкт-Петербург қ), № 18 мектеп-лицейі (Белорусия), № 13 экологиялық гимназиясы (Белорусия), ТЛ (), ІТ лицей (Чехия) шетел және ТМД елдерімен өзара іс-қимылы шеңберінде экологиялық тәрбие және тілдерді дамыту салаларында табысты жұмыс істеуде.

    Мемлекеттiк жастар саясатын іске асыру аясындағы жұмысты та тиісті дәрежеде жүргізілу ісі баса назарда. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында 225 жас маман жұмыс істейді. Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Telegram әлеуметтік желісінде жас педагогтерге арналған «Тәлімгерге сұрақ» онлайн қоғамдастығы құрылды. Бұл қоғамдастық қажетті ақпаратты жедел табуға, уақтылы кеңес алуға, педагогикалық тәжірибемен бөлісуге, тәлімгерлерге қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қоюға, сондай-ақ жас мұғалімдердің педагогикалық этиканы бұзуының алдын алу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында қаланың жас педагогикалық қызметкерлеріне арналып құрылды.

         Сондай-ақ, білім бөлімі Telegram әлеуметтік желісінде «Білім» мұғалімдердің желілік қоғамдастығын құрды. Аталмыш платформа – мұғалімдер жаңа идеялар мен өзекті тақырыптарды талқылау үшін қатысуға, білім және тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік беретін форум.

         «Кәсіби күйіп қалу синдромының» алдын алу мақсатында 2021 жылдың қараша айынан бастап Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетімен бірлесіп білім беру процесі субъектілерінің әлеуметтік-психологиялық саулығын, мұғалімдердің психологиялық денсаулық деңгейін зерделеу бойынша жұмыс жүргізіліп, кәсіби қоғамдастықтар құрылды.

         Мұғалімдер қауымдастығы жұмысының шекарасын кеңейту мұғалімдердің одан әрі кәсіби өсуіне, тәжірибеге жаңа инновациялық идеяларды енгізуге, сондай-ақ шығармашылық дарынды оқушыларды ынталандыруға, сабақтас пәндер бойынша әріптестер арасында тәжірибесімен алмасуға ынталандыру болып табылады.

2021 жылы Көкшетау қаласының білім бөлімі Бурабай ауданының «Щучинск қ. жоғары педагогикалық колледжі» ШЖҚ МКК-мен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, оның негізгі мақсаты педагог кадрларды даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру саласындағы тиімді өзара іс-қимыл мақсатында Тараптардың ынтымақтастығы, педагогика ғылымының жетістіктері мен озық тәжірибені практикаға енгізу, «колледж-мектеп-балабақша» тиімді әріптестік жүйесін дамыту көзделген.

Сонымен қатар, Global Сапа білім беру орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. «Мектептегі ғылым: жүйелі көзқарас», «Ғылымдағы балалар», «Мектептегі ғылым: жүйелік тәсіл», «Трансформация орталығы» халықаралық зертханаларын ұйымдастыру арқылы халықаралық кластер негізінде «мұғалім-ата-ана-оқушы» алтын үшбұрышындағы «Таланттарды басқару» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық бойынша жұмыстар жолға қойылды.

          Қаланың білім беру жүйесінде ерте бейіндеу мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. 2017 жылдан бастап кәсіптік анықтау мақсатында № 11 орта мектеп-гимназиясында алғаш рет әскери-спорт сыныбы ашылды, ол ата-аналар тарапынан да қолдау тапты. Он алты курсанттар биыл мектептің негізгі сатысын бітіріп, барлығы осы бағыт бойынша колледждерге түсті.

       Өткен оқу жылынан бастап №6 МЛ, № 12 ЖББМ-де Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қолдауымен педагогикалық сыныптар ашылды.

         «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының көрсеткіштерінің бірі балаларды қосымша біліммен қамту болып табылады 2022 жылдың қорытындысы бойынша қамту 46,2 % құрады.

          Көкшетау қаласында 4 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді, атап айтқанда,  Балалар көркемсурет мектебі; Балалар музыка мектебі; «Әулет» МТЖО және Техникалық шығармашылық орталығы. Бұл ұйымдарда жалпы қамту  5 365 баланы құрайды.

Аталмыш мектептен тыс білім беру ұйымдарында оқушылар көркемдік-эстетикалық бағыттағы, сәндік-қолданбалы, бағдарламалау негіздері, робототехника, өнеркәсіптік дизайн (3D-модельдеу) және т. б. қызметтерді алады. Қосымша білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, балаларды мектептен тыс және жекеменшік ұйымдарда, мектеп үйірмелері және секциялармен қамтуды ұлғайту үшін 2022 жылы 300 млн. теңге бөлініп, тек мемлекеттік тапсырыс есебінен бір жарым мыңнан астам бала үйірмелер мен секцияларға тегін барды.

         Қаламызда іске асырылып жатқан жаңашыл бастамалар саналы ұрпақ тәрбиелеуде үлкен үлес қосуда. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің 35 түлегі «Алтын белгі» иегері, 32 оқушы үздік аттестатқа ие болып қана қоймай, мемлекеттік грант арқылы ЖОО оқуға түсті.

         Алдағы уақытта да білім алушылар үшін қолайлы жағдай жасау, педагогтар үшін үнемі әдістемелік қолдау көрсетумен қоса біліктілікті арттыру және іскерлікті шыңдау бойынша жұмыстар  өз жалғасын табады.


«Ақмола облысы білім басқармасының 

Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ басшысы 

Нугертаева Айгуль Бексултановна

15 мамыр 2023 г. 1 070 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 226 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 613 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031