» » Мен Қазақпын

Мен Қазақпын

«Өлеңге ерте келіп, кеш ер жеттім.

Ойлағам шалалықты кешер деп кім

Қағазға қалдыруға асығыппын

Көңілдің қуанышын, кесел дертін».

                                                Ж. Молдағалиев.

 Осы тақырыпта жазуыма Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақын» поэмасын өткендегі сезім болған. Ол сезім мені бірнеше күн мазалап, осы мақаланың тууына алып келді.Иә, Сұлтанмахмұт бабамыз айтқандай: 

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, 

Ұранға «алаш» деген атты аламын. 

Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ, 

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?! – деп  қазақ елі, қазақ жері өз егемендігін алып, туын биікке көтергеннен бастап, ел болашағын ойлайтын жастар көбейе бастады. Ұлт намысын асқақтататын және «мен қазақпын» деп жырлайтын, жастардың отанға деген адал махаббатын біздің кемшіліктерімізден де байқауға болады. Кемшілігіміз деп отырғаным, өз тілімізді өзіміз құрметтемейміз. Қазақ «қазақпын» деп мақтанады десе, керісінше қазақтықтан жиіркенеді. Осындай келеңсіз көріністерді көрсең, Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағы» еріксіз есіңе түседі. «Мен қазақпын» дейміз. «Мен қазақпын» деп ауызбен айтып емес, іс-әрекетіңмен жасап көрсету қажет. Ол әрине, халықтың бірлігінің арқасында. Қазақтар иен далада желжетпес жүйрік мініп дағдыланған, ал бірақ қажет болса олар еңбектей де біледі, жүгіре де біледі. Оларды ешкім де ештеңе де тоқтата алмайды.

Мен - қазақпын мың өліп, мын тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

 Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

 Жұбан Молдағалиев — өзінің атақты «Мен — қазақпын» деп аталатын поэмасымен қазақ әдебиетінің ірі тұлғасына айналған, отансүйгіштік жырларымен халық жүрегінен орын тепкен ақын. Ол — Ұлы Отан соғысы жылдарында келген ұрпақтың ірі талантты өкілдерінің бірі. Бұл жылдары жыр әлеміне келген ақындар шығармашылығында Отанға деген ерекше махаббат, халықты ерлікке шақыру, жеңіске деген үлкен сенім жатты. Сондай-ақ азаматтық намыс, кек, елге, жерге деген сағынышқа толы болды.

  Батысқа еліктейміз немесе солардай боламыз деп қатты кеткен сияқтымыз. Неге бізге қазақ болып қалмасқа? Көк туымыз аспанда желбіреп, әуелетіп ән ұранымыз әрдайым елімізде шырқалып тұрса «мен қазақпын» деген мақтаныш көкірегімде кернейді. Соңғы жылдардың ішінде қазақ жұрты әлем елдеріне қазақтың кім екенін таныта бастады. Сақтар мен ғұндардың жалғасы көк түркілердің ұрпағы қазақ болғаным үшін де мақтанамын.

 Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — «Мен — қазақпын» поэмасы (1964). Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

Мен — қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде табыстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен — қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, — деген өлең жолдарынан-ақ ақынның қазақтық азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің «қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы — оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.

 Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.

Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.

…Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,

Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.

Сансыз басты диюдай сан тіріліп,

«Мен — қазақпын» дегенді айта тұрдым, — деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрьш» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Енді бірде қазақтың ән-күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді:

….Күй емес пе, ботасыз нар идірген?

Ән емес пе, аққудай жар ілдірген?

Жыр емес пе жүрекке жел бітірген?

Олар барда қалайша тарылды іргем? — деп, қазақ халқының ән-күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады. Поэманың келесі бір шумағында ақын:

Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді,

Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.

Кең далаңда керіліп, атыңды атап,

Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді… — деп, қазақ халқына жаңа заманға сай болуға, еркіндікті, елдікті, бірлікті сақтауға үндейді.

 «Қазақ болу — зор бақыт» дер күн тіпті… — деген өлең жолдары бүгінгі «егемендікті» жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын:

Мен — казақпын қаныммен, сүйегіммен.

Сән-салтанат, салтымды сүйемін мен, —

… Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып.

Қазақстан гербі де, жалауы да, — деп шаттанады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дәлелдей түседі. Ақын өз жырының елі үшін ешқашан таусылмайтынына ерекше қуанады.

Мен — казақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске —

Айта бергім келеді, айта бергім, — деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезіліп, ақындық даңқын көтере түседі.

 Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары «Қыран дала», «Сел», «Байқоңыр баспалдақтары» атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді. Эпикалык поэма үлгісін жалғастырып, толықтыра түскен ақынның қай поэмасы болмасын, қызық сюжетті, оқиғалы болып келеді.

 Ж. Молдағалиевтің поэмалары бүкіл одақ көлеміндегі үздік еңбектердің қатарында бағаланып, КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның шығармаларында қазақтың ұлттық мінезі, сипаты терең ашылып бейнеленді. Оны ашып сипаттау біздің басты мақсатмыз деп ойлаймын.

Мен — казақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске —

Айта бергім келеді, айта бергім,  айта бергім...

 ҚАЗАҚТЫҒЫМЫЗДЫ САҚТАЙ БІЛЕЙІК АҒАЙЫН!!!

Байрбекова Фарида Закировна

30 тамыз 2017 г. 19 675 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 722 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 339 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930