«SMART-Педагог» авторлық курсының аяқталуын хабарлайды!
Өткізу мерзімі: 2023 жылғы 14 наурыз
Өткізу орны: YouTube платформасы
Өткізу уақыты: 18.00 -21.49
Сағат көлемінде біліктілікті арттыру курсы: 5 академиялық сағат
Модератор: Еркебек Мақсат Мұратбекұлы, Алматы қаласы, “UmtylAcademy” орталығының жетекшісі
Конференция қатысушылары: Республикалық, облыстық, қалалық аудандық ұйымдарының педагогтері, білім беру жүйесінің басшылары мен мамандары.
Міндеті: Педагогтарға ата-ана жиналысын заманауи тұрғыда жұмыс жүргізу; Сыныпқа SWOT анализ жасау; Мұғалімнің кәсіби дамуындағы инструменты; Оқушылардың логикалық қабілетін арттыру моделі.
Қатысқан ұстаздар саны: 330 педагог
14 наурыз, 2023 жыл |
18.00-18.15 | Танысу |
18.16-18.26 | Үштік одақ |
18.27-18.45 | Буллингтің алдын алу |
18.46-18.51 | Дидактикалық әдістер |
18.52-19.02 | Триз технологиясы |
19.03-19.23 | Кәсіби даму |
19.24-19.35 | Дилтс пирамидасы |
19.36-19.47 | Сіздің қандай ұстаз екеніңізді анықтау? |
19.47-20.00 | Кері байланыс |
20.00-20.07 | Cыныптың SWOT анализы |
20.07-20.16 | Өзін-өзі бағалау (оқушы) |
20.16-20.20 | Дидактикалық әдіс |
20.20-20.41 | Портфолио ( порталға жіберетін құжаттар) |
20.41-20.50 | Е-Портфолио |
20.50-21.03 | Сабақ түсінігін сұрау алгоритмі |
21.03-21.31 | Баланы сыни ойлауға үйрету |
21.31-21.49 | Қорытынды |
Кері байланыс: Ұстаздардың қабілеті мен қандай ұстаз екенін анықтайтын психологиялық ойындар ойнатылды. Барлық педагогтардан кері байланыс алынып, видео форматында ұстаздар семинардан алған әсерлерімен бөлісті. 3 күн көлемінде WhatsApp желісі арқылы ұстаздар ой-пікірлерімен алмасып, кері байланыс жүргізілді.
Нәтижесі: Семинар барысында қатысушы педагогтарға нақты практикалық және психологиялық кеңестер алды. Оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту жайлы жаңа заманауи техника және педагогтардың кәсіби дамуына, жұмысын жеңілдетуге арналған инструменттер берілді. Ұстаздарға заманауи бағыттағы дидактикалық әдіс тәсілдер мен психологиялық ойындар жүргізілді. Нәтижесінде барлық айтылған тақырыптарды чек лист форматында ұстаздарға қолдану мақсатында берілді.
Ұсыныстар: Психологиялық бағыттағы курстардың жиі өткізілуі. Lesson Study сабақты зерттеу жұмысына арнайы семинар жүргізу. Сабақты қызықты өткізуге арналған бағдарламалар (hard skills) бойынша. Ашық сабақта қолданылатын дидактикалық әдістер үйретілуі және оқушыларды қызықтыруға арналған заманауи программалар.
Семинар аяқталған соң 330 ұстазға сертификат табысталды. “SMART-Педагог” авторлық семинары аясында ұстаздар өзінің жинақтаған мақалаларын Республикалық журналға жариялайды.
Марапаттау: Ең креативті 30 педагогқа Алғыс Хат табысталды.
«UmtylAcademy» ұстаздарды дамыту орталығының ұйымдастыруымен және «Тағылым» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ақпараттық-әдістемелік қолдауымен жаңартылған мазмұнда «SMART-Педагог» авторлық семинары 31.03.2023 жылы өтетіндігін хабарлаймыз.
Инстаграм парақшасы: Umtyl_Аcademy