Шәмшидинова Елбасы туралы жаңа кітапты оқулық ретінде пайдалануды ұсынды
Елордада Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев туралы «О великой жизни» - «Ұлы адам туралы ұлағатты кiтап» атты туындының тұсауы кесiлдi. Аталған кiтап - тәуелсiз Қазақстан тарихындағы Мемлекет басшысы туралы 12 жастан асқан аудиторияға арналған алғашқы туынды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова Baq.kz тілшісіне берген сұқбатында аталған кітапты оқулық ретінде пайдалануды ұсынды.
Атап өтсек, оқулық жоғары сынып оқушылары мен КТУ оқушылары үшiн дайын оқу құралы болып табылады. Кiтап авторы - Ресей Федерациясының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович. Ол көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерi, саяси көшбасшылар және тарихтың жолын өзгерткен басқа да белгiлi бiрегей тарихи тұлғалар туралы 60-тан астам кiтап жазған. Публицист Қазақстанға жиi келiп, зерттеу жұмыстарын жүргiзген, баспасөзде шыққан ақпарат пен түрлi әдебиеттi пайдаланған.
Кiтап орыс және қазақ тiлiнде 2 мың данадан шыққан. Туындыны қазақ тiлiне танымал журналист, публицист, жазушы Қайнар Олжай аударған.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ