» » «Мектептерге күн энергиясы» жобасы Оралға жетті

«Мектептерге күн энергиясы» жобасы Оралға жетті

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде күн станциясы іске қосылды. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, ҚР Энергетика министрлігі және «Шелл» компаниясының өкілдері қатысты.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің аумағында «Шелл» компаниясы «Мектептерге күн энергиясы» жобасы аясында қуаты 100 Квт/сағ. фотоэлектрлік күн панельдерімен жабдықталған арнайы тұрақтар орнатты. Фотоэлектрлік станция күн сәулесін фотоэлектрлік модульдер арқылы түрлендіру арқылы электр энергиясын өндіреді. Олар мектептің жылдық энергия тұтынуының 20%  үнемдейді және артық өндірілген электр энергиясын қалалық желіге жіберуге мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев  «Мектептерге күн энергиясы» жобасы облыстағы «жасыл экономиканы» енгізуде  үлкен қадам екенін айтты.Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова жобаның STEM-білім беруді енгізудегі, оқушылардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеудегі маңызын атап өтті. «Шелл Қазақстан» компаниясының Үкіметпен байланыс жөніндегі директоры Бакенова Зарина Абайқызы «Мектептерге күн энергиясы» жобасы жаңартылатын энергия көздері саласында жергілікті компаниялардың біліктілігін арттыра отырып, шағын және орта бизнестің әлеуетін дамытатынын баса айтты.

Бұндай жаңалыққа, әсіресе, физика пәнінің мұғалімі Умырғали Бекешев қуанышты. Ол жобаның оқушылардың  жасыл экономика, экология саласындағы шығармашылық идеяларына шабыт беретінін айтады.

–  Оқушыларымыздың бұл бағыт бойынша жетістіктері де жоқ емес. Жуырда автобус аялдамаларында энергияны үздіксіз пайдалану жүйесін жасақтаған мектеп түлегі, Назарбаев Университетінің 1-курс студенті Азиз Талапов патент алды, –  деп бөлісті Умырғали Мулдашұлы. 

Айта кетейік, «Мектептерге күн энергиясы» жобасы Энергетика министрлігі, «Шелл» компаниясы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арасындағы меморандум аясында екінші жыл жүзеге асуда. «Шелл» компаниясынан күн энергиясын Нұр-Сұлтан және Ақтау қалаларындағы  Зияткерлік мектептер алған болатын. Ал 2020 жылы осындай станция Алматы және Атырау қалаларында пайда болады.

Салтанатты шарадан кейін жас зияткерлер меймандарға жасыл энергетика, жасанды интеллект, биотехнология салалары бойынша идеяларын таныстырды. Сонымен қатар бұл күні  алманың коллекциялық және интенсивті сорттары өсетін экобақтың негізі салынды.

 
Дереккөз: "EDUNEWS.KZ" ақпарат агенттігі.

 

16 қазан 2019 г. 13 979 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 618 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 723 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031