» » Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі Алматының 61 мектебіне енгізіліп жатыр

Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі Алматының 61 мектебіне енгізіліп жатыр

   Онлайн режимде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен «Назарбаев зияткерлік мектебі» Алматыдағы филиалының Қамқоршылық кеңесінің ұйымдасқан отырысы өтті. Жиынға сонымен бірге қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қатысты.
Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров НЗМ тәжірибесін Алматы мектептеріне трансляциялаудың постмониторинг зерттеуін жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды edunews.kz Ақпараттық Агенттігі inform.kz халықаралық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Отырыс барысында Алматыдағы НЗМ көрсеткіштері, қаланың орта білім жүйесіне тәжірибесімен бөлісу барысы, сонымен бірге оқушылардың білім беру жетістіктеріндегі бағалау бойынша PISA (Programme for International Student Assessment) халықаралық бағдарламасының нәтижелері және Алматы қаласы мектептерінің педагогикалық мамандарының кәсібилігін дамыту мәселелері қаралды. «Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің Алматы қаласындағы филиалының директоры Жұлдыз Сүлейменова 2019-2020 оқу жылына арналған филиалдың жұмыс сараптамасы бойынша баяндады. Оның айтуынша, оқушылардың білім сапасы 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша 85,2 пайыздан 98 пайызға дейін жақсарған, 118 оқушы оқуды үздік белгісімен аяқтаған. 2020-2021 оқу жылына оқушылардың жеке дара оқуын одан ары дамыту, инженерлік лаборатория және «Ғарыш» лабораториясын құру, сонымен бірге, мұғалімдер құрамына қолдау жасау бойынша міндеттер қойылған. Қашықтан оқу аясында ағымдағы жылдың қазан айынан бастап, оқушылардың жеке траекториясын дамытудың онлайн платформасын енгізу жоспарлануда. НЗМ тәжірибесін Алматы мектептерінің оқу процесіне таратуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінгі таңда НЗМ филиалының тәжірибесі Алматыда қаланың 61 мектебіне таралуда. Алматы НЗМ ұйымдастырған семинарларға, вебинарларға және шеберлік сыныптарына мыңнан аса адам қатысқан. Отырысқа қамқоршылық кеңестің мүшелері: қалалық мәслихат депутаты Әміржан Нәбиев, «Ұлттық аударма бюросы» қорының атқарушы директоры Р.Кенжеханұлы, Педагогикалық өлшемдер Орталығының директоры А.Шілікбекова, «Физика-математикалық бағыттағы «Назарбаев зияткерлік мектебі» Алматы қаласы филиалы директорының орынбасары С.Солтанғазина, Назарбаев Университеті жоғары білім факультетінің деканы А.Сағынтаева, «АЗМК» ЖШС бас директоры Ш.Шардинов, Қазақстандағы Синергия университеті өкілдігінің бас директоры Б.Қасымбергебаев, «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының жетекшісі М.Есен, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ төрағасының орынбасары және басқалары қатысты. Қамқоршылық кеңестің II отырысын қорытындылай келе Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров НЗМ-нің жоғары көрсеткіштерін атап өтті және барлық оқытушылар құрамына алғысын білдірді. Ағымдағы жылы НЗМ-нің 3 мұғалімі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен қолға алынған «Алматы жастары» бағдарламасы аясында баспанаға ие болған. Екінші кезең барысында мұғалімдер тарапынан өтініштер түскен. Ержан Бабақұмаров Білім басқармасының басшылығына НЗМ Алматы филиалының оқушылардың жеке-дара нәтижесін жақсарту бойынша жұмыстарын жалғастыруды және қаланың жалпы білім беретін мектептеріне Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесімен бөлісу жұмыстарын қолға алуды, сонымен бірге қаланың орта мектептеріне тәжірибені имплементациялау және НЗМ стандарттары бойынша пәндерді үйретудің сапа динамикасы бойынша зерттеу жүргізуді тапсырды.

Дереккөз:inform.kz халықаралық Ақпараттық Агенттігі
07 қыркүйек 2020 г. 15 584 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031