» » M. NARIKBAYEV PUBLIC LECTURE: Әлемдегі өзгермелі Қазақстан.

M. NARIKBAYEV PUBLIC LECTURE: Әлемдегі өзгермелі Қазақстан.

«M.Narikbayev Public lecture» жобасы аясында танымал коммуникация маманы Чарльз Маклин «Әлемдегі өзгермелі Қазақстан» тақырыбында дәріс оқыды.

«Өткен аптада М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде болғанымда бұл жердегі өзгеріс мен үшін керемет әсер қалдырды. Университетте сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Сіздер осындай инфрақұрылымы бар оқу орнында оқуға мүмкіндік алған ерекше бақытты жансыздар. Жалпы жоғары білімді қосып алғанда дамудың барлық бағыттары бойынша 10 жыл бұрынғы Қазақстан мен Қазіргі Қазақстан біраз өзгерген», - Чарльз Маклин.

Чарльз Маклин - көптеген үкіметтерге саяси бағдарламалар мен стратегияларды құруға көмектескен халықаралық коммуникациялардың тәжірибелі стратегі. 2010-2014 жылдар аралығында Қазақстан Үкіметінде жұмыс істеді. Маклин мырза өзінің мансабын 1990 жылдары стратегиялық коммуникацияларға кіріспес бұрын NBC News-тің шетелдік корреспонденті ретінде бастаған.

Спикер өз сөзінде қазір әлеуметтік желілердің үлкен күшке ие екенін атап өтті. Телевизияда жұмыс істейтін адамдар біздің болашағымыз бар ма деп ойлайды, өйткені гаджетте барлық жаңалықтар мен әлемдік күн тәртібі бар. Әлеуметтік желілерде көптеген ақпарат бар, олардың дереккөзі кейде боттар, хейтерлердің сөйлеген сөздері және т.б. болуы мүмкін, яғни күмәнді дереккөз ретінде қабылданады. Бүгінгі таңда ақпарат және оның таралуы алгоритмге сәйкес жүреді, 20 жыл бұрын алгоритмдер туралы ешкім білмеген. Нәтижесінде, біз қабылдайтын көптеген ақпарат әлеуметтік желілерде шоғырланған. Жас ұрпақтың мойнында шындықты қалай түсіндіруге болатындығы туралы мәселені ұғыну міндеті тұр, жастардың басты міндеті - онымен қалай жұмыс істей алатынымызды түсіну.

Сонымен қатар, Орталық коммуникациялар қызметі Маклин мырзаның ұсынысымен құрылғанын атап өткеніміз жөн.

Қосымша сұрақтар төмендегі нөмірлер бойынша (тек WhatsApp): +7 (747) 926-02-60 (Айдар), +7 (706) 107-01-76 (Гүлжанат). 


 

23 қараша 2022 г. 1 028 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 730 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930