» » Халықаралық және пилоттық мектептерге жалпы нормалар шеңберінде оқудың басталу және аяқталу мерзімдерін дербес анықтауға рұқсат етілуі мүмкін

Халықаралық және пилоттық мектептерге жалпы нормалар шеңберінде оқудың басталу және аяқталу мерзімдерін дербес анықтауға рұқсат етілуі мүмкін

  Қазақстанда халықаралық және пилоттық мектептерде оқудың басталуы мен аяқталу уақытын анықтауда еркіндік берілуі мүмкін.Бұл мектептердің басшылары бұған дейін Оқу-ағарту министрлігіне осындай өтінішпен жүгінген болатын. Бұл жалпы білім беретін мектептерге қатысы жоқ екенін еске сала кетейік. Себебі онда оқу мерзімі өзгеріссіз қалады.

Ұсыныстарда халықаралық және бірқатар пилоттық жекеменшік мектептің өкілдері қысқы каникулдың ұзақтығын және жылдың басталуы мен аяқталуының нақты мерзімдерін дербес реттеуге мүмкіндік беруді сұрады.

Басшылар бұл демалыс күндерін реттеуге мүмкіндік беретінін де атап өтті. Мысалы, қыста ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциялар) асқынып, қатты аяздар басталғанда, жазда оқудың арқасында балалар қысқы демалыста ұзағырақ демала алады. Яғни оқу жылын 20 тамызда бастағаны есебінен қазіргідей бір апта емес, үш апта демалады.

«Жалпы халықаралық мектептерге қойылатын жеке талаптар мен нормалар қазірдің өзінде бар, олардың санаулысы ғана бар. Сол себепті олар академиялық еркіндік шеңберінде шешім қабылдау – бұл бұрыннан бар тәжірибе. Алайда кейбір халықаралық және пилоттық жекеменшік мектептер оқу жылын өз бетінше 20 тамызда бастайтынын білеміз. Бірақ олар оны жазғы мектеп немесе дайындық кезеңі деп атайды, алайда олар сол кезден бастап бағдарлама бойынша оқиды. Осы күндер есебінен олар қыста балаларға екі аптаға ұзағырақ демалыс береді. 36 апталық оқу жылы қандай болмасын, міндетті демалыс күндерінің саны және оқу жылының басталуы мен аяқталуының жалпы мерзімдері әлі де халықаралық мектептер үшін әрекет етеді, ал жалпы тәсілдер шеңберінде жекеменшік және халықаралық мектептердің өздері мерзімдерді реттеу мүмкіндігін қарастыруға болады. Бұл ұсыныс қоғамдық талқылауға шығарылды. Қалған мектептің барлығы үшін оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі өзгеріссіз сол қалпында қалады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
07 желтоксан 2022 г. 897 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 048 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 815 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930