» » Қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар 6 медаль жеңіп алды

Физика, биология және химия пәндері бойынша халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында қазақстандық оқушылар 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Осылайша, қатысушылар өткен жылғы рекордты жаңартып, 2021 жылмен салыстырғанда құрама қоржынына 3 медаль артық салды, деп хабарлайды edunews.kz ақпарат агенттігі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

IJSO зияткерлік жарысы 2-12 желтоқсан аралығында Богота қаласында (Колумбия) өтті. Оған әлемнің 60 елінен барлығы 300-ден астам оқушы қатысты.

Жүлдегерлерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов құттықтады.

«Халықаралық аренада оқушылардың жеңістер легі жалғасуда. Біздің жүлдегерлерді жоғары жетістіктерімен құттықтаймын! Жаңа жеңістер тілеймін! Биыл Президенттің тапсырмасы бойынша халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ЖОО-да оқу үшін грант пен 4 млн теңгеге дейін қомақты ақшалай сыйақы алды. Мұндай олимпиадалардың тізімі тағы 7-мен толықтырылады», - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі.

Биыл қазақстандық оқушылар ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда 27 медаль жеңіп алып, жаңа рекорд орнатты. Сыйақының жалпы сомасы 73 млн теңгеден асты.

12 желтоксан 2022 г. 928 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 203 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 607 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031