» » Х Президенттік олимпиадасы аймақтық кезеңінің үздіктері

Х Президенттік олимпиадасы аймақтық кезеңінің үздіктері

 Республиканың барлық өңірлерінде 2017 жылғы 28 қыркүйек күні жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша 11 сынып оқушылары арасында Х Президенттік олимпиадасының аймақтық кезеңі бастау алды.Бұл туралы EDUNEWS.KZ ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген Х Президенттік олимпиадасының аймақтық кезеңіне облысымыздың 59 білім беру ұйымдарынан 118 оқушы қатысты: Павлодар, Ақсу ққ., 10 ауданнан, 12 мамандандырылған   мектептерінен, олардың ішінде 61 – мемлекеттік тілде оқитын, 57 – орыс тілінде.

Олимпиаданың ІІ іріктеу кезеңі 2017 жылғы 18 қазан күні барлық аймақтарда бір мезгілде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Интерактивті студиясының желісі арқылы өткізіледі. 2 тур бойынша  – қашықтықтан және шығармашылық  (эссе жазу) – өткізілетін іріктеу кезеңіне  аймақтық кезеңінің 4 пәннен жинаған ұпайларын қосу арқылы анықталған 20 жеңімпазы қатысады. 

 ІІ іріктеу кезеңіне біздің облысымыздан  келесі оқушылар қатысады: Бейсекеева Гульмира, Қуанқаш Тамерлан және Токкожин Аспандияр – «Жас дарын» мамандандырылған мектебі; Ережеп Нурганат, Нуркенов Султан, Тихий Кирилл, Абдреев Амир және Далабаев Даниял – дарынды балаларға арналған облыстық көп салалы лицей-интернаты; Гречишкина Дарья, Забелина Анастасия, Фролова Дарья, Макатова Азима және Зайцев Георгий – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі; Исеев Адиль және Ануарбеков Алмас – Ы.Алтынсарин ат. дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты; Даулет Данияр – дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы; Баймуханова Аяна – Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебі; Шупенев Артем және Сагиден Нариман – Павлодар қ. № 16 лицей-мектебі мен №12 ЖОББМ;  Рабаев Минкаил – Ақсу қаласының лицейі.

Іріктеу кезеңінің 2 туры нәтижелері бойынша республикалық ұйымдастыру комитеті Х Президенттік олимпиадасының қорытынды кезеңінің қатысушылар тізімін анықтайды. 

29 қыркүйек 2017 г. 10 090 0

Жаңалық тізбесі

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 12 585 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930