» » Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінде нәтижелі жұмыстар атқарылуда

Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесінде нәтижелі жұмыстар атқарылуда

Қазақстанда мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі нәтижелі жұмыстар атқаруда. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – бұл Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үшін болашақта Қазақстанда және шетелде кәсіби-техникалық, жоғары білім ақысын төлеуге болатын, өзінің немесе баласының атына білім беру жинақтау салымын ашу. Бұл туралы "Edunews.kz" AA ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жинақтау жүйесі ҚР-ның әрбір азаматына балаларын қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту үшін жинақтаушы депозит ашу  мүмкіндігін береді. Бұл депозитке 14%-ға дейін банктің пайыздары түсіп тұрады.

Сондай-ақ, салымшылар мемлекеттің  7 пайыздық (тұрғындардың осал тобы) немесе 5 пайыздық (басқа да тұрғындар) мемлекеттік үстемақысын алу мүмкіндігіне ие.  

Бүгінгі күні 16,8 млрд теңге соммасына 19 мыңнан астам салымшылар тіркелген. Атап айтсақ, 2015 жылдың ақпан айында 4,7 млн теңге көлемінде мемлекеттің алғашқы үстемақысы төленген, ал 2016 жылы  бұл сомма – 325,6 млн теңге болса, 2017 жылы – 458 млн теңгені құрады.

АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Сингапур, Малайзияда да ақшалай құралдарды төмендетілген салық тарифтерінің, мемлекеттік үстемақылар және пайыздық мөлшемелер есебінен жинақтау депозиттік жүйесі жұмыс істейді. Бұл елдерде жинақтау бойынша ата-аналарға баланың атына 18 жасқа толғанша жылына 2000 АҚШ доллары мөлшеріне дейін салым салып тұруға рұқсат етіледі. Бұл қаражатты кәсіби білім алу үшін салық төлемей шешіп алуға болады. Осылайша Қазақстандағы білім беру депозиттері басқа мемлекеттердегідей балалардың болашақтағы білімі үшін ақша жинақтауға көп көмегін тигізеді.

09 қазан 2018 г. 1 377 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 17 253 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 21 621 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоксан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031