» » Бірлік- түбі тірлік

Бірлік- түбі тірлік

 

Қазіргі таңда  жас ұрпақ тәрбиесінің өзекті мәселелерінің бірі экологиялық білім мен тәрбие болып табылады. 

Әлемдегі экологиялық деректерді ғылыми мағлұматтық білім мен тәрбие үдерісінде пайдалану мұғалімнің терең білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты. Экологиялық білім мен тәрбие беру қазіргі кезде барлық ғылымдар саласымен сабақтастықта әрекет ететін кешенді ғылымға айналуда.Ең басты міндеттердің бірі табиғатты қорғау мәселелері мен оқушыларды ғылым негізінде теориялық және практикалық біліммен қаруландыру. Бұл үшін экологиялық білімнің негізгі көздері химия, физика, биология, география, астрономия пәндерін кіріктіре отырып оқушыларға жобалық тапсырмаларды орындатуда мұғалімнің ғылыми сауаттылығы да қажет.

Осыған орай  Шымкент қаласы білім басқармасының «Экологиялық орталығы» КММ базасында 2020 жылдың 8-қаңтарында «Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесіндегі жаңашылдық» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінде қолданылатын заманауи технологиялармен танысу және педагог қызметкерлермен тәжірибе алмасу.Семинар барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы,ғылым кандидаты Г.Д.Есентуреева «Жаратылыстану пәндері бойынша жобалық тапсырмалардың жіктелуі» тақырыбындабаяндама оқып, баяндау барысындағылыми-жаратылыстану циклы пәндері сабақтарында жобалық тапсырмаларды пайдаланудың мақсаты және осы мақсатқа жету барысындаоқушылардың бойында қалыптасатын біліктер мен дағдыларға кеңінен тоқталды. Сабақты жоспарлау кезінде бір сабақтың шеңберінде қол жеткізілетін мақсатты  Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес ретке келтірген ыңғайлы болатындығына түсінік беріп, қорытындылай келе жаратылыстану циклы пәндерінде жобалық тапсырмаларды қолданудың нәтижесіндежоғары сынып оқушыларын мамандық таңдауға бағыттауға,дарынды оқушыларды анықтауға, мектептің ғылыми және әдістемелік жұмысының деңгейін жоғарылатуға болатындығын айтып өтті.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының  тренерлерімен сабақтастықта жұмыс атқарып келеміз. Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші, өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру үдерісінде бірлесе атқарылатын осындай жұмыстар оң нәтижесін берері қақ.



Камытбекова Улжан Жайлауовна,

Шымкент қаласы білім басқармасының

«Экологиялық орталығы» КММ директоры


31 қаңтар 2020 г. 59 721 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 14 847 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 744 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930