» » Алматы облысында ішкі тәртібі түрмеге ұқсайтын балабақша ата-аналарды шошытты

Алматы облысында ішкі тәртібі түрмеге ұқсайтын балабақша ата-аналарды шошытты

 40 бүлдіршін түрмедегі тұтқындай болып жүр! Алматы облысында ескі дүкеннің ғимараты аз уақытта бөбекжайға айналып, зардабын кішкентай балалар тартуда. Іші де, сырты да талапқа сай келмейтін жекеменшік балабақша бір ай бұрын жұмыс істей бастаған. Ал, бүлдіршіндер есебінен пайда табуға кіріскен кәсіпкер тіпті санитар дәрігерлерден рұқсат алмапты.

 Түрмедегі тұтқындай жәутеңдеп тұрған – балабақша тәрбиеленушілері. Сыртынан қарағанда қоймаға ұқсайтын мына ғимаратта осындай 40 бала бар. Бұрын дүкен болған ескі нысан 1 ай бұрын ғана бөбекжайға айналыпты. Ал оның иелері ішіндегі кем-кетікті ретке келтірмей жатып, бүлдіршіндерді қабылдауға асыққан көрінеді.

Бақыт Нұрбаева, Алмалы ауылының тұрғыны:

-Едені бетоннан жасалған. Оның үстіне тек линолеум жая салыпты. Терезе деген атымен жоқ. Балалар қараңғы әрі суық жерде отырады.

Тіпті, жолдың бойында орналасса да, бөбекжай қоршалмаған. Соның кесірінен, ішінен қашып шыққан бүлдіршіндер де болыпты.

-Мына темір қақпаның ар жағы қазір бүлдіршіндердің ойын алаңы. Онда да аумақтың тек жартысы ғана балабақшаға тиесілі екен. Ал, бұрын бұл жер дүкеннің қоқысын тастайтын алаң болыпты. Сол кезден қалған қиранды диван болса, қазір бүлдіршіндердің орындығына айналған.

Мұнда кішкентайларға арналған ойыншық пен әткеншек те жоқ. Жағдайы осындай бола тұра, иелері әр бала үшін айына 10 мың теңге алып отыр. Ашынған ата-аналар мұндай бөбекжайдың барынан жоғы жақсы дейді. Ал, Алмалы ауылының кейбір тұрғындары «барға қанағат» етуге мәжбүр.

Өйткені, 3 мың адам тұратын елді мекенде бұдан басқа балабақша жоқ.

Бейбіт Әшімбеков, Алмалы ауылының тұрғыны:

-Балаларым осы жерде, бауырымның балалары осы жерде. Өйткені, бәрі жұмыста, кімге тастайсыз?

Ал дені дұрыс балабақшаның ең жақыны 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Сондықтан, ата-аналардың көбі «көш жүре түзеледі» деп, ауыл ішіндегі мекеменің кем-кетігіне көз жұма қарап отыр. Кәсіпкерлер болса, жұмысқа ертерек кірісуімізді тұрғындардың өздері қалады деп ақталды.

Айдын Құнанбаев, балабақша құрылтайшысының көмекшісі:

- СЭС-тан әлі рұқсат алған жоқпыз. Ішінде тағы бітпей қалған жұмыстар бар.

Қожайындар әзірге «осының өзіне рахмет айтсын» дегендей сыңай танытып отыр. Ал бұдан кейін бүлдіршіндерді жаңа ғимаратқа көшіріп, ауылда бұрын-соңды болмаған бөбекжай салып береміз деп сендірді.

Дереккөз:Алаш айнасы
26 тамыз 2017 г. 3 447 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 711 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 335 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930