» » Елiмiзде жыл сайын 30 мың бала күмәндi дiни ұйымдарда бiлiм алады – Мәулен Әшiмбаев

Елiмiзде жыл сайын 30 мың бала күмәндi дiни ұйымдарда бiлiм алады – Мәулен Әшiмбаев

 Бүгiн Мәжiлiс үйiндегi Үкiмет сағатында елiмiздегi дiни ахуал талқыланып жатыр. Мәжiлiс депутаты, Халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң басшысы Мәулен Әшiмбаев балаларды күмәндi дiни ұйымдарға тартқаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту керектiгiн айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

 «Қазiргi таңда балаларға дiни бiлiм беретiн ұйымдардың жұмысына қатысты көптеген сұрақ туындайды. Елiмiзде жыл сайын 30 мыңға жуық баланының дiни сауатын ашатын 1 мыңға жуық бiлiм беру мекемесi жұмыс iстейдi. Өз кезегiнде олар бiлiм беру орталығы, интернат, қор, курс және жазғы лагерь деп аталады. Бiздiң тексеруiмiз бойынша, өкiлеттi органдар бұл ұйымдардың көбiнiң нақты немен айналысатынын бiлмейдi. Бас прокуратураның мәлiметiнше, олардың қатарында күмәндi ұйымдар да бар. Осылайша, балалар дiн жолына түседi. Бұның басты қаупi, ол жердегi балалардың диструктивтi дiни ағымдардың ықпалында кету мүмкiндiгiнде. Сондықтан, бiздiң пiкiрiмiзше, балаларды күмәндi дiни құрылым жұмысына тартқаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту керек», - дедi Әшiмбаев.

Мәжiлiс депутаты қазiргi халықаралық жағдайды ескере отырып, Қазақстанда дiни экстремизмнiң алдын алуға аса үлкен мән беру керек дейдi. Оның айтуынша, дiн саласындағы сапалы теолог мамандарды көптеп даярлау және жұмыспен қамту қажет.


18 қыркүйек 2017 г. 1 648 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 15 163 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 857 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930