» » Ақмола облысында 139 жас маман «Дипломмен ауылға» жобасының келісімшартын бұзған

Ақмола облысында 139 жас маман «Дипломмен ауылға» жобасының келісімшартын бұзған

 Ақмола облысында жыл басынан бері «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен жұмысқа орналасқан жас мамандардың 139-ы жобаның келісімшартын бұзған.Бұл туралы 24.kz сайтына сілтеме жасап,Алаш айнасы хабарлайды.

 Яғни елді мекенде 3 жыл қызмет етпей жатып, берілген несиені өтеместен жұмыс орындары мен тұрақты мекенжайын ауыстырып жіберген. Ал оларға берілген қаржылай көмектің жалпы сомасы 70 млн теңгеден асады.

Бұл туралы Мемлекеттік мекемелердің қызметі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің алғашқы көшпелі отырысында мәлім болды.

Cоңғы 5 жылда 100-ден астам жас маманға қатысты қазына қаржысын қайтару туралы сот шешімі шыққан. Тағы 7 маманның ісі қазір сотта қаралып жатыр.

Айта кетейік, аталған бағдарлама қолға алынғалы бері Ақмола облысына 3 300 жас маман келген. Оларға мемлекеттен 388 млн теңгеден астам қаржы бөлінген.

Ерсұлтан Бектұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қалаға жақын аудандарға көп берілген. Ал шет жақтағы аудандарға кадрлар керек. Сол мәселеде сын айтылды. Біз, яғни Қоғамдық кеңес оны бақылауға аламыз. Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктің Ақмола облысы бойынша басқармасына да тапсырма береміз. Сол мәселені қатаң бақылап, кадрлардың дұрыс бөлінуін қамтамасыз етуді айтамыз.


25 қыркүйек 2017 г. 2 197 0

Жаңалық тізбесі

Нұрлы Отанымыз-тәуелсіз Қазақстан

15 желтоксан 2023 г. 13 717 0

Армысың, әз-Наурыз!

20 наурыз 2023 г. 20 337 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930